Қайсарлық пен қаһармандық,

Отанға деген сүйіспеншілік

аса қатыгез сұрапыл соғыста

жеңіске жол ашты.

Н.Ә.Назарбаев

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толады. Бұл сұрапыл соғыстың шежіресі мыңдаған әкелер  мен аналардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып  отанын қорғады.  "Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" - деген ұлы сөзді мақсат ете отырып, ата-бабаларымыздың рухына тағзым  ретінде, жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз.

Қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды. Тарих бетінде өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. 487 қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алса, оның ішінде 34-і қарағандылық қаһармандар.

Осыған орай, Қарағанды топырағын басқан, Сарыарқа самалын жұтқан Кеңес Одағының отыз төрт Батыры туралы мәліметтерге қол жеткізетін  "Қарағандылық Кеңес Одағының Батырлары" атты корпоративтік жобаны назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл жоба "Облыстық кітапхана – аймақтық зерде" бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Жобаның мақсаты:

Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриотизмін нығайту.

Жобаның міндеті:

  • Әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруға жастарды тарту;
  • әскери тарихқа қызығушылықтарын арттыру;
  • өлкетанулық әдебиеттерді насихаттау;
  • Қарағандылық қаһармандарды есте сақтау;
  • Ақпаратпен жұмыс істеу  дағдыларын қалыптастыру;
  • әлеуметтiк - коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін әлеуметтік жүйеде  бiлiм беретiн ортаны жасау;
  • Жоба жалпыға ортақ, Қарағанды облысының басқа да аймақтарының білім беру мекемелері жобаға қатыса алады.

Құрметті оқырман! Бұл жоба жайлы өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіріп, Қарағанды қаһармандары туралы деректермен бөлісуге болады.

Жобаны іске асыруда өз үлестерін қосқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік мұрағат" РММ, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі" РМКК, "Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты" КММ, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Қарағанды облысының кітапханаларына өз алғысымызды білдіреміз.

Отан үшін от кешкендерді әрқашанда  жүрек түкпірімізде ұстаймыз.