(1920)
Пономарев Михаил Сергеевич 1920 жылы 15 желтоқсанда Ақмола облысының Вишневск ауданының Алексеевка селосында туған. Мектепті бітіргенен кейін Қарағандыға келді. Қарағанды аэроклубында ұшқыштар маманына оқыды. Әскерге 1940 жылы шақырылды, одан кейін Әуе Қарулы Күштері мектебінде оқыды. 1943 жылы соғысқа аттанды. 1944 жылдан 1947 жылға дейін Пономарев Польша әскері, кейін Кеңес Әуе Қарулы Күштері құрамында болды.
Өзіне тапсырылған жұмысты американ-корей соғысында жанқиярлығымен орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1951 жылы 13 қарашада М.С.Пономаревқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әдебиеттер:
Пономарев Михаил Сергеевич (15.12 1920) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 200 б.
Пономарев Михаил Сергеевич (1920) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 93-94 б.
Пономарев Михаил Сергеевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 104-105 б.
Пономарев Михаил Сергеевич // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 56-57 б.