(1910)
Иванишко Федор Яковлевич 1910 жылы туған. Әскерге дейін Жезқазған қаласында жұмыс істеген. Федор Яковлевич 1943 жылы Армия қатарына алынды, өзін ержүрек пулеметші ретінде көрсете білді. 1943 жылы 31 желтоқсанда ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, 1944 жылы 2 наурызда II дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Гвардиялық 67-ші атқыштар дивизиясының жеке гвардиялық атқыштар батальоны пулемет расчетының командирі, гвардия старшинасы Федор Иванишко, әсіресе 1944 жылы жазда Белоруссия жерінде болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. Батырдың расчеты 1944 жылы 24 маусым мен 3 шілде аралығында жаудың 50 солдаты мен офицерін өлтіріп, 2 қол зеңбірегін және 15 мылтықты қоса, 2 фашисті тұтқынға алды.
Майданда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың атымен Омбы қаласында және Муромцево селосында көше аталған.
Әдебиеттер:
Иванишко Федор Яковлевич (1910) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 86 б.
Иванишко Федор Яковлевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 97-98 б.
Иванишко Федор Яковлевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 45-46 б.
***
Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа - ұран! // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр. - 3-4 б.