ЗЕНКОВСКИЙ АРКАДИЙ ИВАНОВИЧ

(1920-1945)

Зенковский Аркадий Иванович 1920 жылы Тюмень облысының Аромашевск ауданындағы Большой Кучеряк селосында туған. Соғысқа дейін Жезқазған облысы Қарсақпай ауылында жұмыс істеген. 1943 жылы 13 ақпанда әскерге алынған.

Курск доғасында болған жазғы сұрапыл соғыстарда 6-шы атқыштар дивизиясы 10-шы гвардия атқыштар полкінің таңдаулы пулеметшілер қатарына қосылды. Висла өзені үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Суворов орденді Қызыл тулы 6-шы Ровен гвардия атқыштар дивизиясы Богдан Хмельницкий орденді 10-шы гвардия атқыштар полкінің кіші лейтенанты Зенковскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 10-шы сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылы 31 қантарда қаза тапты.

Әдебиеттер:

 Зенковский Аркадий Иванович (1920-1945) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 85-86 б.

Зенковский Аркадий Иванович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 95-96 б.

Зенковский Аркадий Иванович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас бас Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 41-42 б.

***

Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа - ұран! // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр. - 3-4 б.