(1912-1945)
Дударенко Андрей Емельянович 1912 жылы Қарағандыда туды. Әскери қызметке 1943 жылы шақырылды. Гвардия майоры. Соғыстағы ерлігі үшін 1941 жылы «Қызыл Ту» орденімен, 1943 жылы 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1944 жылы Қызыл Жұлдыз орденімен, «Сталинградты қорғау», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1945 жылғы қантардың 27-де Одер өзені үшін шайқаста, 15 гвардиялық бригада командирінің көмекшісі Дударенко ерлікпен қаза тапты.
Одер өзеніндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін 1945 жылы 6 сәуірде Андрей Емельянович Дударенкоға қаза болғаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. А.Е.Дударенко Польшада Тарновске-Гуры қаласының маңында жерленген.
Әдебиеттер:
Дударенко Андрей Емельянович (1912-1945) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 84-85 б.
Дударенко Андрей Емельянович //Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 81 б.
Дударенко Андрей Емельянович (1912-1945) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 217-218 б.
Дударенко Андрей Емельянович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 20-21 б.
Дударенко Андрей Емельянович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 34-35 б.
Дударенко Андрей Емельянович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 241-242 б.
***
Қарағандының түлегі // Орталық Қазақстан. - 2005. - 10 қараша. - 7 б.