(1917-1943)
Амантай Дәулетбеков 1917 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданында туған. 1939 жылы әскерге шақырылып, Қиыр Шығыста әскери міндетін өтеді. Шені - аға сержант. 1942 жылы Дәулетбеков Брянск майданында танктерді бұзып-жоятын 180-ші полктің артиллериялық расчет командирі болды. Алғашқы шайқасын сол 1942 жылғы жазда Орлов облысындағы Ливнының оңтүстігінде бастады.
1942 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, 1943 жылы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Аға сержант Дәулетбековтың расчеті 1943 жылы 9 шілдеде Поныри станциясының түбінде жаудың 29 танкісін, өздігінен жүретін 13 зеңбірегін және 200-ге жуық әскерін қырды.
Амантай Даулетбеков сол күні қаза тапты. Майданда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 24 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1943 жылы 9-шы шілдеде қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Даулетбеков Амантай (1917-1943) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды , 2010. – 84 б.
Амантай Дәулетбеков // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 29 б.
Дәулетбеков Амантай (1917-1943) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 212 б.
Дәулетбеков Амантай // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы: Темірқазық, 2009. – 185 б.
Дәулетбеков Амантай // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 76 б.
Дәулетбеков Амантай // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 221-222 б.
Жетібаева Б. Түгіскеннен шыққын батыр // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2002. - 10 шілде.
Қарағанды батырлары // Орталық Қазақстан. - 1972. - 9 май (№ 108). - 2 б.
Мұқышұлы Ұ. Амантай Батыр // Орталық Қазақстан. - 2002. - 4 желтоқсан. - 7 б.
Соболев А. Н. Ерлікке тағзым ете береміз // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2003. - 8 тамыз.