Әскери-авиатор. Қарағандылық елу жауынгер қыздардың қатарында 1942 жылы Саратов облысындағы Вольск авиатехни калық училищесінде әскери дайындықтан өткен соң жерлесі Евдокия Садмановамен бірге кейін «1- гвардиялық Минск авиациялық истребитель корпусі» атанған әскери бөлімнің 66-шы авиация полкына жіберіледі. Корпус сынау атақты 1944 жылы Белоруссия операциясына қатысқаны үшін алған еді. Ал Мария болса «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін омырауына қадады. Бұдан кейін  М.Ососкова  Берлин операциясына да қатысып, жаудың тізе бүккеніне куә болды. Оның командирі Николай Зайцев фашистердің сегіз ұшағын атып түсірді.Осы шайқаста Мария Ососкованың әріптестері корпустың ұшақтарын 32438 рет жауынгерлік тапсырмаға дайындап, аттандырыпты. Мария Игнатьевна 1981 жылы Минск қаласын азат етудің 37 жылдық мерекесінің құрметті қонағы болды.

 Әдебиеттер:

Мария Ососкова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 48-58 б.

***

Мария Ососкова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 99-103 б.

Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 123 с.

Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика  Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.