Әскери байланысшы. 12 жасында жетім қалып, Павлодарда балалар үйінде тәрбиеленеді. Өз еркімен майданға сұранғандықтан әскери комиссариат Раушанды радистердің оқуына жібереді. 1942 жылдың 1 тамызында майданға аттанады. Мәскеу түбінде 119-атқыштар полкінің байланысшысы болады. Ұрыс даласында жараланады да. 1943 жылдың соңынан өжет барлаушы Ленинградтың қоршауын бұзу операциясына табылады.Ұрыс жолдарымен Харьковті, Киевті, Польша жерін азат етуге қатысады. 1946 жылы елге оралып, Қарағандыда №1-бис шахтасының подстанция көмекшісі болып істейді. Денедегі мина жарықшамасын алып тастау операциясынан кейін жер асты жұмысына жарамай қоғамдық тамақтандыру саласына ауысады. Майдандағы ерліктері және еселі еңбегі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен, «Совет саудасының үздігі» белгісімен марапатталады. Жолдасы Тұяқ шахтермен бірге үш қыз тәрбиелеп, өсірген.
Әдебиеттер:
Әскери байланысшы Раушан Мәдиева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 78-83 б.
***
Военный связист Рашан Мадиева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 135 - 139 б.
Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.] ; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 313 с.
Мадиева Раушан // Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 238 с.