Әскери дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты (1955). Алматы медицина институтының шапшаңдатылған курсын 1942 жылы бітіріп, өз еркімен Ұлы Отан соғысына аттанады. Сол жылдың күзінде Волхов майданында 59 армияның қарамағындағы 3393 далалық госпиталінің дәрігер хирургы болады. Ленинград қоршауына қатысып, 1944 жылы Новгородты азат ету жолындағы ұрыстарда талай жауынгерді ажалдан арашалап қалғаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталады (ол сол кезде Ленин орденінен кейінгі екінші сатыдағы орден болып есептелетін). Одан кейін 1-Украин майданының құрамында Польшаны азат ету жөніндегі ұрыстарға қатысады, мұнда 12 мың әскери тұтқын отырған госпитальды басқарады. Соғыстан кейін ғылыммен айналысты. Алматы өлкелік патология институтында істейді, 1955-85 жж. Қарағанды медицина институтының тері аурулары кафедрасын басқарады. 1965 жылдын соғыс ардагерлері Советтік комитетінің мүшесі болды. Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 11 медальмен марапатталған. Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері.Қарағанды қаласының құрметті азаматы.

 Әдебиеттер:

Әскери дәрігер Гүлімжан Қарсыбекова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 63-67 б.

Қарсыбекова Гүлімжан // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 370 б.

 ***

Жұмақасов Ғ. Феникс // Орталық Қазақстан. - 2005. - 15 қаңтар. - 8  б.

Нұрша Р. Гүлімжан // Орталық Қазақстан. - 2005. - 18 тамыз. - 12  б.

Гүлімжан Рақымжанқызы Қарсыбекова // Орталық Қазақстан. - 2008. - 23 қыркүйек (№147) . - 3 б.

Нұрша Р. Өмірімнің белестері, отты жылдар елестері... // Сыр мен сымбат. - 2005. - № 5. - 4 б.

***

Бектурганов Н. Казахстан в годы Великой Отечественной войны / Н.Бектурганов, А.Абдакимов; Карагандинская областная администрация. - Караганда: [б. и.], 1995. - 37 с.

Военврач Гулимжан Карсыбекова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 122-125 б.

Карсыбекова Гулимжан // Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.] ; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 123 с

Карсыбекова Гулимжан Рахымжановна // Караганда. Карагандинская область: энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2008. - 298 с.

Карсыбекова Гулимжан Рахымжановна // Почетные граждане Караганды / Сост. В.М. Могильницкий, Г.М. Мукашев. - Караганда: ОАО "Карагандинская полиграфия", 2004. - 36 с.

Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика  Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.

 ***

Искакова Г. Жизнь как подвиг // Индустриальная Караганда. - 2002. - 1 мая.

Зинчук Д. Когда приходит осень золотая // Индустриальная Караганда. - 2000. - 6 мая.

Почетные граждане Караганды // Индустриальная Караганда. - 2004. - 14 февр. - С. 5.

Фронтовики, наденьте ордена! // Городская газета. - 1993. - 8 мая (№ 54). - С. 1.