Жауынгер-авиатор. 1942 жылы қарағандылық жауынгер қыздармен бірге Вольск қаласындағы авиация училищесінде  атқыш-радистер, оқтаушылар даярлайтын курсты аяқтайды. Раиса оқтаушы болып орналасқан 659-авиациялық истребитель полкы Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Алапат шайқастағы жеңіске үлес қосқаны үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдарын омырауына тағады. Кейін майдан жодарымен Дондағы Ростов, Воронеж, Ворошиловград, Керчь, Одесса қалаларын неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысады. 1944 жылы денсаулығына байланысты елге оралады. Әскери комиссариатта, ауаткомда жұмыс істейді. 1964 жылдан зейнеткерлікке шыққанша облыстық тұтынушылар одағының кадрлар бөлімінде жемісті еңбек етті.

Әдебиеттер:

 

Раиса Кутищева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 53-57 б.

***

Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 123 с.

Раиса Кутищева // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 112- 117 б.

Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика  Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.