Көпшіліктің көңілінен шығып жатқан Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны өз жұмысын жалғастыруда. Осы бағдарлама аясында «Естеліктегі Ақселеу» айдарымен белгілі жазушы Өмір Кәріпұлымен онлайн кездесу өтті. Бұл көшпелі тікелей эфирге Ақадыр кенті әкімдігі қолдау көрсетті.

Шара барысында қазақтың біртуар ұлымен бірге жүріп, аға, дос, туысы болған Өмір Кәріпұлы өз естеліктерімен бөлісті. Ө.Кәріпұлы оқырмандарына Ақселеу Сейдімбектің шыр етіп дүниеге келген жері, өсіп-өркендеген, талантының алғашқы бүр жарған жері туралы қызықты естеліктерін айтып берді. Ақселеудің ізденімпаздығын, ұлт қамына қатысты бейтарап қалмайтынын , сан-саланы жетік білген, сегіз қырлы бір сырлы, өте терең білім мен биік парасат иесі екенін қызықты дәлелдермен өз ойын ортаға салды, оқырмандардың сұрағына жауап берді. Сонымен бірге осындай іс-шаралардың арқасында Ақселеу Сейдімбектің мұрасы ешқашан өлмейтінін, керісінше уақыт өткен сайын қазақтың ұлттық ерекшеліктерін зерттеген жастар үшін құны арта беретінін айрықша атап өтті.

Оқырман қауымының назарына Ақадыр кенті кітапханасы қорындағы Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұсынды.

 

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаева