30 маусым

Бүгін біздің кітапханаға қонаққа С.Сейфуллин атындағы гимназия балалары келді. Оларға «Кітапханадағы жазғы оқу» бағдарламасы аясында өлкетану әдебиеті бөлімі «Отбасылық ас үй» атты шеберлік сағатын өткізді. Бұнда көкөністерден қияр, қызанақ, аскөк, салат жапырағы, ақжелкеннен дәруменді салат жасауды үйренді.

Шеберлік сағаты барысында балалармен бірге көкөніс туралы жұмбақтар шешіп, тақпақтар айтылды. Көкөністердің пайдасы туралы ойларын ортаға салды. Дайын салатты балалар өз қиялдарымен безендіріп, дәмінен татты. Шеберлік сағаты балалардың шат-думан әсерінен

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл, көк, сарысы

Ащы-тұщы бәрісі, - деп өте қызықты да, әсерлі өтті.

Ал, «Қызықты ағылшын!» шығармашылық алаңында кезекті сабақ алдында балалар дене шынықтыру жаттығуларын көңіл-күймен жасады. Содан кейін олар «Хобби және қызығушылық» тақырыбымен танысып, қысқа бейнеролик көріп, бос уақытында немен айналысуды ұнататындығымен бөлісті. Сондай-ақ, балалар ағылшын тілінде бейнетүсірілім көріп, ән айтып, жүргізуші қозғалыстарын қайталады. Сабақ белсенді және қызығушылықпен өтті.

 

Алаң үйлестірушілері:

Телпекбаева С.О.

Артықбаева Н.Н.