6 ақпан күні кітапханамызда «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының мүшесі, ақын, туған жерге деген кіршіксіз махаббат өлеңдерімен өрнектей жеткізе білген талант иесі Еркебұлан Елеусізұлымен «Қайыңды көл» атты шығармашылық кеші өтті.

Ақын поэзия жанрына ең алғаш 16 жасында  қалам тербеген  өзіндік өмірлік жолын, өз өлеңдерінің шығу тарихын, жырға деген шабытын, адамгершілік туралы ақындық ойларын ортаға салып, «Қайыңды көл», «Ақжол деген ауыл бар..», «Анама», «Қарқаралы қазағым», «Тілек» атты тағы да басқа жауһар жырларын оқыды.

Толығырақ...

Назарларыңызға "Қар ұшқынын жасайық" шеберлік сағатын ұсынамыз.

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығы туралы баспалық және электрондық БАҚ беттерінде кеңінен жарияланды.

Облыстың басты кітапханасының тарихы, кітапхана мамандары, кітап және кітапхананың қазіргі өмірдегі рөлі «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің беттерінде көрініс тапты. Кітапхана туралы шолу материалдары, кітапхана оқырмандары мен серіктестерінің мақалалары, сондай-ақ «Гоголевка» кітапханашыларымен сұхбаттар жарияланды. БАҚ өкілдері  «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk жұмысына ерекше назар аударып, қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, Қазақстанның кәсіби басылымдарында кітапхананың 90 жылдығына арналған кәсіби мақалалар  жарияланды.

Толығырақ...

Биыл Қарағанды өңіріндегі ең ірі кітапханалардың бірі – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 90 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерейтойлық іс–шаралар аясында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 18-19- қыркүйек күндері «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өткізілді.

Толығырақ...

19 қыркүйек күні халықаралық іс-шара Ресей ұлттық кітапханасымен (Санкт-Петербург қ., РФ), Ресей мемлекеттік жастар кітапханасымен (Мәскеу қ., РФ), А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық кітапханасымен (Омбы қ., РФ) Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімімен басталды.

Сонымен бірге кітапхана төрінде кітапхана ісін жандандыруға бағытталған мерейтойлық іс-шараның жалғасы ретінде қазақ әдебиетінің, аймақтың шығармашылық шыңдалуына өзіндік үлес қосып жүрген жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен «Жаңа дәуір әдебиеті: дәстүр және жалғастық» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет модератор болды. Дөңгелек үстелде қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселелер мен баспа ісі, ақын-жазушылар цифрлық оқу дәуірінде «жазушы – оқырман» диалогы қалай дамитыны, «өз» оқырманын қалай көргісі келетіні, оқырманымен кері байланыс қажет пе және олардың пікірлері туралы өз ойларымен бөлісті.

Толығырақ...