Қарағанды облысы кітапханаларының әлеуметтік желілердегі жұмысы [Мәтін]: Интернет ресурстар дайджесті / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2021. –  7 б. 

Кітапханалық қызмет көрсетуде және кітап оқуды насихаттауда интернет ресурстарын яғни, кітапхана сайттары мен кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларын қолданудың қазіргі таңда маңызы ерекше. Жалпы, кітапхананың басты міндеттерінің бірі өз оқырмандарына жаңа виртуалды қызметтерді пайдалана отырып ыңғайлы жұмыс платформасын ұсына алуы. Ол қызметтер: кітапханалардың ресми сайттары, кітапханалық блогтар және әлеуметтік желі парақшалары.

Оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту: кітап оқуды ілгерілетудің, кітапханалардың жұмысын көрсетудің перспективті бағыттарының бірі.