Биыл аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтыңтуғанына 100 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай, кітапхананың оқу залында «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран»атты көрме-викторина өткізілді.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу, адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Аталмыш шараға батырдың есімін иеленіп отырған белді мекеме «Жас ұлан»республикалық әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арнайы шақырылды.
Шара барысында жастарға біртуар тұлға Талғат Жақыпбекұлының қиын тағдыры жайлы көңіл толқытарлық мәліметтер айтылып, бейнероликтер ұсынылды.
Құрметті оқырмандар назарларыңызға Даңқ орденінің толық иегері Мүтәш Сүлейменовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ерлік мәңгі өшпейтін тағылым» атты бейнешолуын ұсынамыз.
Биыл, белгілі, қазақтың біртуар ұлы, ел есінде ұлтының ұлы мұратын ұлықтаған ұлы тұлға ретінде мәңгі сақталатын, ұлтымен бірге жасайтын Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – қазақтың парасат даналығын бойына сіңірген перзенті, ХХ ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол – терең ақылмен, жоғары мәдениетімен, турашыл, әділдігімен ерекше көзге түскен адам.
Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген.
Әр жылдары ол басшылық қызметтер атқарды: соғыс кезінде Қаз Халком төрағасының орынбасары болды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті, төрағаның орынбасары, содан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, зейнеткерлікке шыққанға дейін, яғни 1960-1962 және 1964-1986 жылдар кезеңінде – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы; КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі; КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болып сайланды.
Республиканың дамуындағы ерекше жетістіктері үшін үш рет "Социалистік Еңбек Ері" атағы берілді, 9 "Ленин орденімен" және басқа да ондаған ордендермен марапатталды.
«Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған: библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022. – 9 б.
Қазақтың арғы-бергі тарихында ерлігімен есте қалып, аты аңызға айналған батыр аналарымыз аз емес. Олар ел шетіне жау келгенде қолдарына найза ұстап, ел ішіне дау келгенде сөз алып, қасқайып ханға дат айтты. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, оқ - қарумен отанын қорғады.Солардың бірі де, бірегейі тарихқа алтын әріппен жазылған есім - Мәншүк Мәметова деп білеміз.
Ендеше, құрметті оқырмандар,қаһарман қазақ қызы Мәншүк Мәметованың туып-өскен жері, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қордағы кітаптары, тарихи – танымдық анықтамалықтар мен тарихи еңбектер, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды.
Жадынама көпшілік оқырманға арналған.
Өкінішке орай, 1 шілдеден бастап «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы аясында өтетін іс-шараларды онлайн форматқа аудардық. Алайда жаз бітпейді, ал «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы қызу жүріп жатыр.
Мүмкін сіз кітапханадан бірнеше ондаған кітаптар алдыңыз, тек кітаптар аяқталуы мүмкін, бірақ біздің виртуалды саяхатымыз - аяқталмайды. Біз сіздерге жаңа, Қарағанды ескерткіштері бойынша виртуалды саяхаттамызды ұсынамыз.