Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

Экологияға байланысты сұрақтармен айналысатын ұйымдар мен бірлестіктер

Экология бойынша кітаптар

Экологиялық тақырыптар бойынша журналдар мен газеттердің электрондық нұсқалары

Қазақстан қорықтары

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

Ресей Федерациясының Қызыл кітабы

Қазақстанның жануарлары 

Ресей мен шетелдің сирек және жойылып бара жатқан жануарлары

«Природа и животные на Rin.ru» сайты

Жануарлар құқығы ақпараттық – аналитикалық порталы

Қазақстан балықтары 

«Дары Природы» сайты

Қазақстан Республикасының сирек өсімдіктері

Экологиялық күнтізбе 

Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы 

Экологиялық ақпарат және мәдениет орталығы 

Экология бойынша сценарийлер, ойындар, викториналар 

Экологиялық ақпараттық сайттар мен порталдар 

Мемлекеттік тілді дамыту қоры

ҚАЗТЕСТ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Ұлттық тестілеу орталығында 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ қалыптастырыла бастады. ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін ететін шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.

Мемлекеттік тілді дамыту институты

Тiлашар қазақ тілі сабақтары.

Орыс тілділерге арналған қазақ тілі. «Киелі Жетісу» сайты, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге, мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына үлес қосқысы келетін қазақстандықтар үшін құрылған.

Қазақ тілі. Грамматика.

Орыс тілділерге арналған қазақ тілі. Елена Романенконың әдісі бойынша.

«Ассалазар» қазақ тілі орталығы.

Қазақ тілінің онлайн курсы, мұнда видео сабақтар мен аудио жаттығулар, сондай-ақ арнайы балаларға арналған бөлім де бар, ол жерде балалар ойын түрінде қазақ тіліндегі сөзді және сөйлемді оқып үйренеді. Қазіргі таңда порталдан жиырма сабақ, үш жүздей әртүрлі диалогтар және бес жүз дайын сөз тіркестерін табуға болады.

Bilemin проектісі қазақ тілін үйренуге бағытталған. Үш бөлімнен тұрады, әр бөлім қазақ тілін үйретуде өз саласын қамтиды.

Бастауыш сынып мұғалімінің сайты  

Қазақ тілі.Тегін кітапхана: барлық әлемдік тілдерді өздігінен үйреткіштер, оқулықтар, сөздіктер, тілдескіштер.

Қазақ тілі. Оқулықтар, өздігінен үйреткіштер, сөздіктер, аударушылар. Аудио сабақтар. Оқыту бағдарламалары. Ертегілер. Ойындар. Қазақ мақалдары. Қазақ тіліндегі ертегілер. Қазақ тілінде аудио ертегілер. Өлеңдер. Құттықтаулар. Қазақ тілінде жұмбақтар. Қазақ тілінде кітаптар. Қазақ тілінде балаларға арналған әндер.

Сөздіктер.

Қазақша-орысша екіжақты онлайн сөздік

Қазақша-орысша - қазақша онлайн сөздік. Екіжақты аударма. Виртуальді пернетақта қазақ тіліндегі айрықша әріптерді жазуға мүмкіндік береді.Wap.sozdik.kz.мобильді құрылғыларына арналған Веб-сайттың WAP нұсқасы бар. Сөздіктің базасымен кәсіби тіл мамандары, филологтар жұмыс жасайды.

Бірге сөйлейік . Орысша-қазақша тілдескіш.

Орысша-қазақша екіжақты онлайн аудармашы

Белгілі колумбиялық жазушы, лимфа бездері обырымен ауырған Габриэль Гарсиа Маркес оқырмандарға өзінің соңғы қоштасу хатын жолдаған:

Егер Жаратқан бір сәтке менің жігерсіз қуыршақ екенімді ұмытып, маған бір кішкене өмір сыйласа, мен онда, мүмкін, не ойлайтынымды айтпас едім, не айтқанымды ойлар едім.

Мен заттарды бағасына қарап емес, маңыздылығына қарай бағалар едім.

Мен аз ұйықтап, көп армандар едім, өйткені, біз көзімізді жұмған әрбір минутта алпыс секунд жарықты жоғалтатынымызды түсінер едім.

Барлық адамдар жүрмей бір орында тұрса, мен жүре берер едім, басқалар ұйқыға кетсе мен ұйықтамаушы едім.

Басқалар сөйлегенде мен тыңдап қана тұрар едім, және шоколадты балмұздақтың керемет дәмінен рахаттана татар едім.

Егер маған Жаратқан тағы бір қас қағым сәттік өмір сыйласа, мен жұпыны киінер едім, күн астында жатып, күннің нұрына денемді ғана емес сондай-ақ жанымды да қыздырар едім.

Жаратқан, егер менде жүрек болса, мен өзімнің барлық өшпенділігімді мұзға жазып күннің шыққанын күтер едім. Мен жұлдыздарға Ван Гогтың арманымен Бенедетти поэмасын жазар едім, және Серрат әні менің айға сыйлаған серенадам болар еді.

Раушан тікенінің жан күйінісін, алқызыл жапырағының өбкенін сезіну үшін мен раушан гүлін өз көз жасыммен суарар едім.

Жаратқан, егер менде бір кішкене өмірім қалса, мен БІР КҮНДІ ДЕ БОС ЖІБЕРМЕЙ, ӨЗІМ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН АДАМДАРҒА, ОЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІМДІ АЙТА БЕРЕР ЕДІМ

Мен әрбір өзіме қымбат жандарды өзімнің махаббатыма сендіріп және махаббатқа ғашық болып өмір сүрер едім.

Мен қартайған кезде ғашықтық сезім  болмайды деп қателескен жандарға - ғашық болмағандықтан қартаятындығын түсіндіргім келеді.

Сәбилерге қанат сыйлап, бірақ ұшып үйренуді өздеріне қалдырар едім.

Қарттарды өлім қартайғандықтан емес естен шығарудан, ұмытудан келетіндігіне сендіргім келеді.

Адамдар, мен сіздерден көп нәрсені үйрендім, бар әлем тауда өмір сүргісі келеді, бірақ нағыз бақыт, бұл біздің тауға көтерілгеніміз екенін түсіндім.

Мен жаңа туған нәресте алғаш рет әкесінің саусағын өзінің кішкентай жұдырығында қысқан сәттен бастап, ол оны енді еш уақытта жібермейтінің түсіндім.

Менің түсінгенім, бір адам ЕКІНШІ АДАМҒА ЖОҒАРЫДАН ҚАРАУҒА құқығы бар, тек ол егер ОҒАН ТҰРУҒА КӨМЕКТЕССЕ.

Әр уақытта не сезесің соны айт, және не ойласаң соны жаса.

Сені ұйықтап жатқанда соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, мен сені қатты құшақтап, Жаратқаннан сенің қорғаушы періштен болуды жалбарынып сұрар едім.

Сенің бүгін есіктен шыққаныңды соңғы рет көргенімді білсем, сені құшақтап, сүйіп, сенімен көбірек уақыт өткізер едім.

Сенің дауысыңды соңғы рет естіп тұрғанымды білсем, сенің айтқандарыңның барлығын таспаға жазып алып қайталап тыңдай берер едім.

Сені көруімнің соңғы минуттары екенін білгенімде: сені сүйетінімді айтар едім, ақымақ басым сен мұны мен айтпай-ақ та білетініңді ойламаппын.

Алда ертеңгі күн бар, өмір бізге барлық қателіктерді түзеуге тағы да бір мүмкіндік береді, ал егер мен қателессем және бүгінгі күн маған соңғы болса, мен сені қаншалықты қатты сүйетінімді және ешқашан ұмытпайтынымды айтқым келеді.

Жас та кәрі де ертеңгі күннің туатынына сенімді бола алмайды.

Мүмкін бүгін өзін жақсы көретін адамдарыңды соңғы рет көріп тұрған шығарсын. Сондықтан ештеңені күтпей, барлық істі бүгін жаса, себебі, егер ертеңгі күн ешқашан келмесе, сен бір күлімсіреуге, жақыныңды құшақтауға, сүюге уақыт болмағанына және соңғы қалауыңды орындауға қолын тимегеніне, өтіп кеткен күнге өкінесің.

Өзіңе жақын адамдарға демеу бол, олардың саған керек екенің айт, оларды жақсы көр және оларға ұқыпты қара, «өкінішті», «кешір мені» «мархабат, рахмет» және басқа да өзіңе ұнайтын сөздеріңді айтуға уақыт тап.

СЕНІҢ ҚАЛДЫРҒАН ОЙЫН ЕШКІМНІҢ ЕСІНДЕ САҚТАЛМАЙДЫ. Сезіміңді жеткізу үшін Жаратқаннан ақыл мен күш қуат сұра. Достарына олардың саған қаншалықты маңызды екенін көрсет, әйтпесе ертең де кешегі күндей болады. Егер сен ешқашан бұлай етпесең, ештеңенің маңызы болмайды. Өз армандарыңды жүзеге асыр. Сол сәт жетті.

«Оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану». Мәселелер мен мүмкіндіктер.

Слайд 1. Кітапхана қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі оқырмандарға қызмет көрсету болып табылады. Бірте-бірте жаңа технологияларды енгізу, технологияларға және барлық кітапханалық процестерді ұйымдастыруға, ең алдымен кітапханалық процестер мен операцияларды автоматтандыруға, қорды каталогтау және құруға, электрондық каталогтарды құрастыруға, анықтамалық - библиографиялық қызметте, цифрлауға өзгерістер енгізеді. Пайдаланушыларға ақпараттық - қызмет көрсетудің сапалы жаңа жүйесінің негізі орнықты. Кітапханаларда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды түрде енгізу жүріп жатыр. 198 кітапхана (60%) Интернетке қол жеткізді, оның ішінде  – 112 ауылда.

Барлық ОК ОКЖ кітапханаларында  жергілікті желілер құрылған, олар 10-нан 30-ға дейінгі компьютерлерді біріктіреді. 12 кітапханада Интернетті пайдалану үшін интернет - класстар ашылды, электрондық тасымалдаушыларда ақпараттар белсенді қолданылады.

Слайд 2. Дегенмен, қызмет көрсету процесін автоматтандыруда объективті және сондай-ақ субъективті сипаттағы қиындықтар туындауда. Өкінішке орай, ОКЖ орталық кітапханада және де сондай-ақ филиалдарда күн сайын пайдаланушыларға қызмет көрсету процесін ескеруді, қадағалауды жүргізетін автоматтандырылған жүйе жоқ. Оның ішінде: оқырмандардың компьютерлік қызметті пайдалану есебі (пайдаланушылардың әлеуметтік статусы және жасы бойынша тіркелуі және қайта тіркелуі); электрондық құжаттардың берілім есебі; компьютерлік және сервистік қызмет, Интернет арқылы ақпараттың пайдалану көлемінің есебі және т.б. Толығырақ.

Слайд 3. Ақпараттық технологиялар кітапхананы пайдаланудың әдісінің өзін де өзгертеді. Қазір біз пайдаланушылардың санының күрт төмендеуіне тап болдық, олардың көбі желіге кетіп қалған. Қазір Сіздер кітапханаға келген шынайы пайдаланушыларды ғана емес, сондай-ақ қашықтағы (виртуальді) пайдаланушыларға да қызмет көрсетесіздер. Міне осы сіздердің кітапханаларыңыздың аудиториясын ауқымды масштабқа кеңейтеді. Көптеген оқырмандар кітапханашының кеңесіне мұқтаж, кітапханашы өздерінің кітап қорларынан басқа, сондай-ақ электрондық ресурстарды да білулері қажет. Осыдан біз кітапхана қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет көрсету бөлімдерінің көп қызметкерлерінің жаңа жағдайларда жұмыс істеуге дайын емес екенін байқаймыз.

Слайд 4. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бұл біздің ойымызды жаңашылдыққа бұру және өзгерту болып табылады. Бізге оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды басқаша ойластырып, және оқырмандарды сапалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан да біз сіздермен әр уақытта да пайдаланушылар үшін қызықты да тартымды, жан жақты болуға тырысуымыз керек, және де кітапханамызды қазіргі заман талабына сай өзгертуіміз қажет. Кітапханашы қазіргі таңда кітап әлемінде ғана емес, сондай-ақ Ғаламтор әлеміне де жол сілтеуші болып табылады. Жыл сайын кітапхананың пайдаланушыларының сұранымы Ғаламторды және ақпараттық ресурстарды қолдануға қатысты болып отыр, және де кітапханашылардың өздері де көбінесе іздеуді Интернет ресурстары арқылы іске асырады. Іздеудің дағдысың жақсы игерген адам, желіден керекті мағлұматтың барлығын таба алады.

Слайд 5. Сіздер қашықтағы пайдаланушыларға не ұсына аласыздар?

  1. Электрондық каталогтар. Іздеу
  2. Пайдаланушыларға Онлайн режимде автоматтандырылған қызмет көрсету нысанын;
  3. «Виртуальді библиографиялық анықтама»;
  4. Интерактивті сауалнама. Сауалнама жүйесін талдай отырып, интерактивті сауалнама барлық ОКЖ сайттарында ұсынылғанын айта аламыз. Бірақ, өкінішке орай сауалнамалар талданып жаңартылмайды, ал олар сайттың мақсатты аудиториясының маркетингілік зерттеулері үшін өте маңызды.
  5. egov.kz.электрондық қызмет көрсету;
  6. Интернет ресурстарын;
  7. SMS-жіберілімдерді;
  8. Әлеуметтік желілерді;
  9. Мобильді технологияларды;
  10. Және басқаларды.

Слайд 6. Алты жылдан бері облыс кітапханалары үкімет пен халық арасын жалғаушы көпір болып келеді. Қазір біз қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерінің назарын осы маңызды да қажетті ресурсқа аударамыз, бұл азаматтар мен үкіметтің өзара қарым-қатынасының интерактивті алаңы болып табылады. Бұл ресурстен Сіздер пайдаланушыларға интерактивті және транзакциялық қызмет, тақырыптық тарауларда пайдалы және анықтамалық ақпарат ұсына аласыздар.

Жылжымайтын мүлікбілім, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамсыздандыру, 2014 ж 1 сәуірінен әлеуметтік төлем ақының өсуі, 2014 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері , Ең төменгі есептік көрсеткіштер (АЕК, ЕТЖ), азаматтық, көші-қон және иммиграция, және басқа да адам өміріне қатысты сала бойынша.

Порталдағы қол жетімді қызметтер: мекенжай анықтамасын алу, Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, Баланы балабақшаға кезекке қою, дәрігер қабылдауына жазылу, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу

Көпшілікке мәлім электрондық қызметтер: облыстық, қалалық және аудандық мұрағаттардан мұрағаттық анықтамалар беру, жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат алу, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу, Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу

Слайд 7. Сайттағы кітапхана ресурстары (қорлар, электронды каталогтар, мерзімді басылымдар, кітапхана басылымдары, тақырыптық тізімдер және т.б.)

Слайд 8. Кітап туралы: рецензиялар, шолулар.  

  • Оқу бойынша ұсынымдық сервистер.
  • Әдеби сыйлықтар.
  • Оқу орталықтары.
  • Әдеби Интернет ресурстар.
  • Порталдар. Каталогтар. Сайттар.
  • Толеранттылық.
  • Балалар оқуы.
  • Интернеттегі қауіпсіздік.
  • Мемлекеттік тілді меңгеруге Интернет ресурстардың көмегі
  • Ресейлік on-line мерзімді басылымдар
  • Әлемдегі ең оқылатын 10 кітап топтамасы.
  • «Меломан» компаниясы қазақстандық әдебиеттердің ең белгілі 13 кітап топтамасын ұсынады. 
  • 2013 жылдың ең пайдалы да сауатты болған 13 кітабы.
  • 100 топтамалық кітаптың  рейтингісі.
  • Әдеби Интернет ресурстары. 

Слайд 9. Әлемдегі көп оқылатын 10 кітап.

  • 1. Библия -3,9 миллиард дана (66 кітап)
  • 2. Цитаты Мао Цзэдуна -820 миллион дана немесе Мао Цзэдуна «Красная книжечка» жинақ болып табылады.
  • 3. «Гарри Поттер», Джон Роулинг -400 миллион дана. Бұл сериялар жеті романнан тұрады.
  • 4. «Властелин колец», Дж. Р.Р. Толкина – 103 млн. дана
  • 5. «Алхимик», Пауло Коэльо-65 миллион дана
  • 6. «Код  да Винчи», Дэн Браун, 57 миллион дана.
  • 7. «Сумерки. Сага», Стефании Майер, 43 миллион дана.
  • 8. «Унесенные ветром», Маргарет Митчелл, 33 миллион дана.
  • 9. «Думай и богатей», Наполеон Хилл,  30 миллион дана.
  • 10. «Дневник Анны Франк», Анна Франк-27 миллион дана

Слайд 10. «Меломан» компаниясы қазақстандық әдебиеттердің ең белгілі 13 кітабын ұсынады

  • Абай: Қара сөз. «Слова назидания» немесе «Книга слов» - Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың күрделі шығармасы
  • Радик Темиргалиев: Казахи и Россия «Казахи и Россия»
  • Сумеречная зона, или «ловушки» переходного периода
  • Темиргалиев Радик: Ак-Орда. История Казахского ханства
  • Мақатаев М.: Махаббат сазы
  • Кургулина Г.: Бәйбіше. Старшая жена и Токал. Младшая жена
  • Зира Наурзбаева: «Вечное небо казахов»
  • Жан Алибеков: Цена
  • Адам Капанов: «Воздушное кочевье»
  • Кудайкулова: «Сумочка от Коко», «Колечко с сердоликом», «Эйфелева башня»
  • Марат Абиев: «Казахстанская мечта»
  • Куат Домбай: Абырой менеджмент. Управление репутацией и PR
  • Кожакова Асель: Хозяйка времени. Тайм-менеджмент в домашних условиях

Слайд 11. Оқырмандарды қызықтыру үшін Сіздер сайтта мынадай ақпараттар ұсына аласыздар:

  • Жастар клубы
  • Қызықты кездесулер Клубы
  • Кітаптар фестивальі
  • Біздің жастар нені оқиды?
  • Ерекше оқылатын кітаптар
  • Оқыдың ба? Талқылайық!
  • Жаңалықтарды жіберіп алмайық
  • Ұсынылатын 30,50,100 ең таңдаулы кітаптардың тізімі
  • Кітапты заманауи форматта оқу
  • «Электрондық оқу залы».
  • Кітапхана және әлем кітапханалары бойынша Виртуальді экскурсия
  • Оқырмандар мен кітапханашылар арасында оқуды алға бастыру бойынша буктрейлерлер байқаулары
  • Оқырмандар арасында викторина, кроссвордтар, жұмбақтар және т.б.
  • Экологиялық бетшелер (экологиялық ұйымдар, жаңалықтар, экологиялық күнтізбе, экология бойынша интернет ресурстар)
  • Медициналық бетше және басқа да беттер
  • Қазақстанның көп оқылатын жас жасушыларының тізімі. Мысалы: қазақ тілінде жазатындар: Бейбіт Сарыбай, Қалқаман Сарин, Айдана Мауытов, Марат Темірбеков және басқалар.
  • Орыс тілінде жазатындар: Болат Бащжанов, Блошкина, Ержан Есімханов, Лиля Калаус, Андрей Козлов, Әйгерім Тажі, Асхат Халилов. Сондай-ақ Әдіскер кабинетіндегі Жас қаламгерлер бетін қараңыздар.

 Габриэль Гарсия Маркестің адамзатқа жолдаған жолдауы

Слайд 12. Қазіргі таңда кітапхана кеңістігі сондай-ақ кітапхананың виртуальді кеңістігі. Кітапханашылар электрондық ортада өздерінің қызығушылықтары бойынша қауымдастықтар мен топтар құрып, өзекті тақырыптарды талқылайды, тәжірибе алмасады. Облыстың 25 кітапханасы әлеуметтік желілерде: Facebook, Mail.ru, Одноклассники, ВКонтакте, Twitter Ресми бетінде олар пайдаланушыларға әдебиеттердің виртуальді шолуын, экскурсия, кітапханада өткізілетін іс-шаралар туралы және оларға шақыруларды көруді ұсынады.

Өкінішке орай олардың көбі өткізілген іс-шаралардың фото суреттерін ғана ұсынады. Әлеуметтік желілерді пайдалану бұл тек пиар үшін ғана емес, сондай-ақ бұл кітапхананың жаңа имиджі. Сондықтан сіздерден назарларыңызды мақсатты жұмысқа аударуларыңызды сұраймыз. Жаңа кітаптарды анонстаңыздар, байқаулар жариялаңыздар, онлайн-саулнамалар, викториналар жүргізіңіздер, мерзімді басылымдармен, интернет ресурстармен таныстырыңыздар, оқырмандармен бейресми байланыс жасаңыздар, олардың сұрақтарына жауап беріңіздер және пайдалы ақпарат ұсыныңыздар. Ия, бұл жұмыс оңай емес. Шыдамдықты талап етеді. Сіздердің көбіңіз алғашқы жазылушыларды жинау қиын деген желеулер айтасыздар. Ол үшін Шахтинск ОКЖ  тәжірибесін оқыңыздар. Олар бірінші өз достарын шақырған. Өз оқырмандарын іздеген және оларды өз топтарына өз беттеріне шақырған.

Слайд 13. Кітапханалық блогтар. Сондай-ақ бұл да кітапханалық жаңалықтарды алға бастыру, тәжірибемен алмасу, іс-шаралар туралы ақпараттандыру, кітапхана қорына жаңа басылымдардың түскенін хабарлау, жаңа оқырмандарды тарту құралы болып табылады. Осы жайлы Чуваш мемлекеттік мәдениет және өнер институтының проректоры А.О. Федоровтың "Библиотеки в социальных сетях" атты қызықты дәрісі мен "Библиотечное блогостроение" тәжирибелік сабағы   Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК 3-4 шілдеде өтеді.

Слайд 14. Мобильді технологиялар бұл кітапханаларды алға жылжытуда, кітапхананың жаңа коммуникациялық технологиялармен жаңа нысандарды іздеудің өзара әрекетінің келесі деңгейі. Сондықтан да кітапханашылар міндетті түрде айналадағы ақпараттық-коммуникациялық ортада бейімделе білулері тиіс. Өз клиенттерімен коммуникация әдісі ретінде мобильді құрылғыларды зерттеу керек. Кітапханалық «қосымшалармен» немесе веб-сайттармен және т.б. жұмыс істей білу қажет. Сіздер әрқашан оқырмандарға кітапханада сондай-ақ Интернетте кітапханалық-ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге көмек бере аласыздар. Қандай мобильді технологияларды қолдануға болады?

Слайд 15. Перспективалық жоспар бойынша кітапханалар үшін Wi-Fi – технологиясы аса қажет нәрсе. Қазіргі таңда қол жетімді нүкте тек Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК, Шахтинск және Теміртау ОКЖ ғана бар. Мұндай технология абоненттарға барлық толықфункционалдық электрондық - кітапханалық ресурстарға тегін қол жеткізуге еркіндік береді. Енді қазір кімде Wi-Fi орнатылған мобильді телефондары, нетбуктары немесе ноутбуктары болса, кітапханаға келіп, Wi-Fi желісі арқылы тегін Интернетке қосыла алады. (сымсыз, модемсіз)

Бұл қызметті пайдалану үшін, алдымен кітапхана қызметкеріне келіп өзіңізді тіркейсіз, сосын Wi-Fi желісін тегін пайдалану үшін пароль аласыз.

Электрондық кітаптарды оқуға арналған форматтар. Кітаптарды fb2, txt, pdf, mobi, epub және басқа форматта тегін оқыңдар және жүктеп алыңдар.

iPadта кітапты қалай оқуға болады

Bookmate Онлай – оқу электрондық кітапханасы және онлайн және мобильді қосымшада кітап оқудың ыңғайлы сервисі.

Ozon.ru - Рунеттегі ең танымал онлайн-мегамаркет, онда 300 мыңға жуық кітап ұсынылған. Ozon.ru.kz  - Қазақстандағы ресми өкілеті Ozon.ru.

Аймобилко –электрондық кітаптарды оқуға арналған тегін бағдарлама. Мұнда әртүрлі форматта FB2, PDF, HTML, ePUB, mobi оқуға болады, epub форматта кітапты жүктеп және кез келген Android сондай-ақ iOS (мобильді операциялық жүйе) құрылғыда, және өзіңіздің компьютеріңізден немесе планшетіңізден online оқыңыз.

Слайд 16. Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиямен қалмай қатар жүруге, және барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды, авторларды және кітапхананың құзыреттілігін насихаттауда көмек үшін белсенді түрде QR кодтар пайдаланылады. Кітапхана оқырмандары қолдарында смартфондары болса QR-кодты сканерлеп алуларына болады, қосымша ақпаратты қолдану үшін: кітаптың авторының сайтына немесе кітапқа қатысы бар, және берілген кітап қамтитын сайтқа ауысу керек.

QR-код дегеніміз не? QR кодтарды құрастыруға арналған Онлайн сервистер. Бағдарламаны телефонға қалай орнатуға болады?

QR кодтарды өз жұмыстарыңызда қолданыңыздар! QR кодтарды барлық жерде: Жай плакаттан бастап, кітапханалық қызметте және құттықтау ашық хаттарында да қолдануға болады. Барлығы сіздердің қиялдарыңызға байланысты. Оқырмандардың кітапханаға келуін қызықты етіңіздер.

Байланыстар. Сіздер QR кодтарды визиттік карточкаларға, оқырман билеттеріне, кітап қалташаларына, әр түрлі іс-шараларға, конференцияларға, слетқа қатысушылардың бейджиктеріне, әлеуметтік желілерге орналастыра аласыздар. QR кодтарда электрондық мекен-жай мен хат алушының аты-жөні болады.

Викториналар. Егер сіздердің кітапханалық сайттарыңызда әр түрлі викториналар, кроссвордтар бар болса, онда сіздер өз оқырмандарыңызға онлайн викторина ұсыныңыздар. QR-кодттары бар ақпараттық қағаз пайдалануға болады, мұнда интерактивті тапсырмалары бар немесе онлайн викторина мен кроссвордтары бар бетшелерге сілтеме көрсетілген.

Сіздерге қызықты викториналар ұсынамыз! Өз білімдеріңізді тексеруге шақырамыз. Сұрақтарға жауап беріңіздер! Нәтижесін бірден білесіздер!

Онлайн-оқу. Электрондық кітаптар мен журналдарды ғана емес QR-кодтардың көмегімен онлайн-оқу ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Сіздер көрме, ақпараттық парақтар, бір сөзбен айтқанда сіздерге романдарға, әңгімелерге, өлеңдерге, әндерге, афоризмдерге, құттықтауларға, жұмбақтарға, оқу туралы ұрандарға және т.б. әр түрлі үлестірмелі материалдар құрастыруды ұсынамыз. Мысалы: QR-кодтармен сайттарға саяхат.

Слайд 17. Мобильді кітапхана. QR-кодтың көмегімен өз смартфоныңызға виртуальді сөреден  кітапты жүктей аласыз. Виртуальді кітап сөресі - кітаптың суреттері бар, мұқабасында QR-коды жабыстырылған, соның көмегімен мобильді телефонға кітапты жүктеуге мүмкіндік береді. 37 қазақстандық, ресейлік, шетелдік, балалар әдебиетінің электрондық шығармалары ұсынылған. Бұл қызметті кез-келген 3G немесе Wi-Fi ұстайтын смартфон немесе планшеттің иесі қолдана алады. Кітапты жүктеу үшін мобильді құралдың камерасын виртуальді кітаптың жеке QR-кодына бағыттап, және мобильді Интернет немесе тегін Wi-Fi желісі арқылы файлды электронды түрде жүктейді. Толығырақ

Әр түрлі және креативті QR-кодтар туралы көбірек біліңіздер!

Слайд 18. СМС технология. СМС технология, қазіркітапханалар үшін бағасы және жалпы қолжетімді жағынан  қолайлы қызмет болып табылады.

SMS-жіберілімдердің жұмыс этаптары. Нақты міндетін, мақсатты аудиторияны анықтап алу қажет. Деректер базасын құру қажет. Хабарлама алуға келісетін оқырмандардың телефон нөмірлерін алу керек.

Мәтінді жазу. Нақты мақсатты аудиторияға бағытталған мәтін. Жіберілімнің тиімділігін бағалау. Толық есеп құрастыру. Толығырақ: «Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» «SMS-жіберілімдер — кітап оқуды алға жылжытудың мобильді құралы» Усенко Светлана Александровна, Шахтинск ОКЖ қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. Абешова Айнур Темирхановна, Теміртау ОКЖ қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. Жолнерова Ксения Анатольевна, Балқаш ОКЖ автоматизация секторының меңгерушісі

Слайд 19. Қазақстанның электронды және цифрлы кітапханалары.  http://kazneb.kz. Электрондық кітапхана. Кітапты электрондық түрді тапсырыс беруге болады. Онлайн режимде жұмыс  істейтін кітапханашы, сізге қай жерден, қалай іздеу керек екенін айтады. Тапсырыс 10 күн ішінде орындалады. Кітапхана кітаптың толық көлемін көруге және жүктеуге рұқсат етпейді. http://classic.nlrk.kz/. «Қазақ классикалық әдебиеті» электрондық кітапханасы.

http://doc.nlrk.kz/. «Қазақстанның қазіргі әдебиеті» электрондық кітапханасы. Сайтта қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтар, көркем әдебиет, ғылыми-публицистикалық әдебиеттер ұсынылған. Кітаптар сканерленген, оларды жүктеп алуға мүмкіндік жоқ, тек көшіріп немесе шығарып алу керек.

http://www.nlrk.kz/. Ресей-Қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» мегажобасының  электрондық кітапханасы. 

Қазақстан Республикасының Президент жанындағы Адам құқықтары бойынша цифрлы кітапханасы.

«Сарыарқа» Электрондық кітапханасы (Қарағанды ОӘҒК)

http://www.pavlodarlibrary.kz/. «Павлодар Ертіс Өңірі» электронды кітапханасы

http://www.nlrk.kz/. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың электронды қоры

Веб – порталдар. «Әдебиет порталы». Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа. Оқырмандарға қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді.

Е-кітапхана (PDF). «Қазақстан тарихы» порталы

ikitap.kz. «Қазақстанның ашық кітапханасында» қазіргі таңда 4 мыңнан астам қазақстандық және әлемдік авторлардың шығармалары жинақталған.

Слайд 20.

Слайд 21. Балалар сайты.

 Слайд 22.

Слайд 23. Мерзімді басылымдар. Қазақстанның on-line мерзімді басылымдары . Ресей on-line мерзімді басылымдары  

Ресейде және шетелде шығатын орысша қалың гуманитарлық және әдеби-көркем журналдардың қызметін ұсынатын Журналды зал – коммерциялық емес әдеби Интернет – жобасы. Жобада әртүрлі ауқымды хронологиялық электрондық мәтіндердің мұрағаттарымен «қалың» әдеби-көркем және гуманитарлық журналдар ұсынылған. Мысалы:

•«Иностранная литература» —  нөмірлер мұрағаты 1992 жылдан;

•«Новый мир» — 1993 ж;

•«Октябрь», «Знамя», «Дружба народов», «Вопросы литературы», «Новое литературное обозрение» — 1996 ж.

•Сондай-ақ, сайтта пайдаланушылар нақты бір автордың басқа журналдарда жарияланған шығармасын көруге мүмкіндігі бар;

Слайд 24. Электрондық журналдар, бұл www.grossbuh.kz бухгалтерлік сайттың жаңа модулі.

Электрондық журналдар модуліне кіру үшін, Сіздерге сайтқа авторластыру немесе тіркелу тіркелу қажет.

Егер сіз Баспалық+Электрондық форматты басылымға жазылмаған болсаңыз, сіз сайтқа тіркелген соң 15 күнге тегін демоверсияны пайдалана аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар:

Ай кітабы