Электрондық басылым: анықтау, есепке алу және өңдеу

(әдістемелік хат)

ГОСТ 7.83-2001 «Электронды басылым»

Бұл ГОСТ-та электронды құжатқа екі анықтама берілген, электронды құжатқа және электронды басылымға.

3.1. Электронды құжат: қолдану үшін есептеу техникасының құралдары керек, машинада оқылатын тасымалдаушыдағы құжат.

3.2. Электронды басылым: шығу мәліметтеріне ие, өзгермейтін түрде таратуға арналған, редакциялық-баспалық өңдеуден өткен электронды құжат (электронды құжаттар тобы).

 

Электронды құжаттар (басылымдар) өзгешеленеді:

        Баспалық баламасының бар болуы бойынша (баспалық басылымның, дербес басылымның үйлестігі)

        негізгі ақпараттың табиғаты бойынша (мәтіндік, бейнелеу, дыбыстық, мультимедиялық)

        мақсаттық тағайындалуы бойынша (ресми, ғылыми-танымдық, оқулық, бос уақытқа және т.б. арналған басылым)

        тарату технологиясы бойынша (жергілікті, желілік, біріктірілген)

        пайдаланушы мен электронды басылымның өзара қатынасының сипаты бойынша (детерминдендірілген электронды басылым және детерминдендірілмеген)

        мерзімділігі бойынша (мерзімді емес, сериялық, мерзімді, жалғасты, жаңартылатын электронды басылым)

        құрылымы бойынша (бір томдық, көп томдық, электронды топтама)

Электронды құжаттың есебін реттейтін стандарт - ГОСТ 7.20-2000 «Кітапханалық статистика».

Бұл стандарт бойынша:

6.1. Электронды басылымдар қорының есеп бірлігіне дана мен атау жатады.

6.2. Дискет пен оптикалық диск (CD-RОМ және мультимедия) электронды басылымдар (ЭБ) үшін дана болып табылады.

6.3. Электронды басылымдар 5.1.3. пунктінде (жеке шығарылған грампластинка, компакт-дискілер бір диск пен бір атау болып есептеледі. Бір атаумен біріктірілген грампластинкалар мен компакт-дискілер жиынтығы (альбом) дискілер саны мен бір атау бойынша есептеледі) бекітілген тәртіптер бойынша есептеледі.

5.6. Құжаттардың басқа түріне қосымша болып табылатын (немесе ішіне салынатын) дыбыс-бейне құжаттар жеке есепке жатпайды.

3.7. Дербес маңыздылыққа ие емес, басылымдарға қосымшалар (карталар, атластар, кестелер, түсіндірме хаттар, гнеографикалық атаулардың көрсеткіштері, ноталар, грампластинкалар, плакаттар, CD-RОМ, дискеттер және т.б.) жеке есепке алынбайды.

Мұндай құжаттарға, мысалы, CD-RОМ немесе оқулыққа қосымша болып табылатын, оқыту бағдарламасы бар дыбысты үнтаспа жатады. Дискіде негізгі басылымда көрсетілген түгендеме нөмірі қойылады. Мәтіндік басылымның титул бетінде СД-қосымшалар туралы ақпаратты беру керек. Ал дискіде – мәтіндік құжатқа (немесе кітапқа) тиістілігі туралы белгі қойылады.

Электронды басылымдардың жинақталған есебі мен жеке есебін «Кітапхана қорының есебі туралы Нұсқау» анықтайды.

СД жинақталған есебі «ОКЖ қорының есеп кітабы» мен «Филиалдардың қорының есебінің тізімдемесі» көмегімен жүзеге асады.

7.8.1. Машинада оқылатын тасымалдаушылардағы (дискета CD, CD-RОМ, мультимедия) дыбыс-бейне материалдардың, микроформалардың түсімі құжаттардың түрі бойынша алдағы уақытта талдап тексеруімен «Қор есебі Тізімдемесінің / Кітабының» бірінші бөлігінде көрсетіледі. Осыған ұқсас шығу туралы мәліметтер «Қор есебі Тізімдемесінің / Кітабының» 2-бөлігінде белгіленеді.

Бұл үшін 2011 жылдан бастап «ОКЖ қорының есеп Кітабында» және «Филиалдардың қорының есебінің тізімдемелерінде» СД мен СД-ROM түсімін, есептен шығарылуын, жағдайын көрсетерін бағананы жүргізу керек.

СД жеке есебі «Түгендеу кітабында» жүзеге асырылады. Нұсқауға сәйкес Басылымдардың жеке есебі әр түр үшін жеке жекеленген есеп түрінде (8.3.2) жүзеге асырылады. Басылымның (оның ішінде электронды құжат немесе дыбыс-бейне құжаттар) белгілі бір түріне арналған кітаптық (түгендеу кітабы), карточкалық (есеп каталогының карточкасы), беттік (актілік есептің беті), тіркеу карточкалары жеке есеп түрлеріне жатады.

Ол үшін барлық сатып алынған немесе сыйға берілген лицензиялық СД түгендеме нөмірлерін беріп, оларды СД арналған жеке түгендеу кітабына («ОКЖ қорының есеп кітабы» бойынша жазылған күні, жазбаның нөмірі, түгендеме нөмірі, автор, аты, шыққан жылы, бағасы, белгілеу туралы тексеру және шығу нөмірі) жазу керек. Түгендеу кітабындағы нөмірлер дәйекті түрде өсу реті бойынша жазылады!!! Түгендеме нөмірлерінің сандық қатары кітаптардың түгендеме нөмірінің сандық қатарын жалғастыруы керек, себебі СД кітап қорының негізгі бөлігі болып саналады.

СД есебінің түгендеу кітабына міндетті түрде тиісті белгісімен кітаптарға қосымша болып табылатын СД да енгізу керек. Кітап қорына арналған түгендеу  кітабына кітаптарға қарама-қарсы, қосымша ретіндегі бар СД, сондай-ақ ескерту бағанасында СД бар болуы (+СД) көрсетіледі.

Барлық СД, сондай-ақ кітап қоры сияқты, өңделуге жатады және электронды каталогқа енгізілуі тиіс. Ол үшін ЭК, «Книги», «Статьи», «Краевед» ЭК және т.б. қатар ЭК «CD-RОМ» деңгейі орнатылуы керек.

РАБИСта электронды басылымдардың санын есепке алу үлгісі