Биыл  Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан-жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойы. Осыған орай кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік коледжінде 4 мамыр күні «Қаһарман ұлы қазақтың» атты тарихи сағат өткізді.

Кештің мақсаты: Жастарды Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қ. Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да жас ұрпақ майдангерлердің ерлігін ұмытпайды. Әсіресе қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосты.

Тарихи сағатта өмірі ешкімге ұқсамайтын ғажайып адам Қасым Қайсеновтың өмір жолы мен шығармашылығы, ерліктері және даңқты тұлғаның майдан шебі мен бейбіт өмірге қосқан ерен еңбегі жайлы айтылды.

Шара барысында 1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде соғыс әліптерін танығаннан кейін, жау қолында қалған Украина жеріне келіп, партизандық өмірін бастаған Қ.Қайсеновтың партизандық жолы жайлы бейнебаян көрсетілді.

Қатысушылар Қ.Қайсеновтың қаламынан туған көркем шығармаларымен таныстырылды. Оның Партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін, жастарға патриоттық рух беретін  «Жас партизандар», «Ажал аузында», «Жау тылындағы бала» шығармалары оқырмандардың қызығушылығын оятты.

Шара соңында Қ.Қайсеновтың шығармашылығына арналған Kahoot платформасында интерактивті викторина және «Ерлік елге мұра- ұрпаққа ұран» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушылар викторина сұрақтарына үлкен қызығушылықпен жауап берді.

 

Абонемент бөлімінің басшысы: Жұмағұлова М.Т.