Қазіргі таңда Қазақстандық қоғам қоғамдық өмірді жаңғыртуға байланысты құндылықтар жүйесінің өзгеруін бастан кешуде. Елдердің халқы әртүрлі сипаттағы және деңгейдегі көші-қон ағындарына тартатын экономикалық, саяси, мәдени салалардағы жаһандану процестері белгілі бір қоғамдардың және тұтастай алғанда бүкіл қоғамдастықтың құрылымдық байланыстарының күрделенуіне әкеледі. Бұл факторлар белгілі бір дәрежеде этносаралық қақтығыстармен бірге жүретін ұлтаралық шиеленісті ынталандырады және осы негізде экстремизм мен терроризм арқылы олар үшін қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысатын әртүрлі оппозициялық топтар пайда бола бастады.

Осы қауіпті әлеуметтік құбылыстың алдын алу және азаматтарды барынша ақпараттандыру үшін терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Терроризмнен сақтану - бастау міндеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда осы қоғамдық құбылысқа арналған кітаптар, мерзімді басылымдар ұсынылды, атап айтқанда:

Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері белгіленген «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазіргі күндегі терроризм және оның тарихи қалыптасу мәселелері қарастырылған, сондай-ақ, ТМД мемлекеттеріндегі террористік ұйымдар мен топтардың тізімі берілген Р.Завотпаевтың «Терроризм әліппесі» (Қарағанды, 2006 ж.) атты оқу құралы;

Ғылыми-практикалық конференция баяндамалары, сұхбаттар мен жаңалы блоктары, фәтуалар және дін басшыларымен кездесулердің қорытынды құжаттары енгізілген «Экстремизм және терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі» (Алматы, 2011 ж.) атты еңбектермен танысуға болады.

Кітап көрмесіне діни экстремизм мен терроризмнің өрістеу проблемалары және еліміздегі діни терроризмге түсіндірме беретін кітапхана қорындағы кітаптар ұсынылды: Е. Г. Ляховтың терроризммен күресудің ішкі және халықаралық шаралары жайлы баяндалған «Политика терроризма – политика насилия и агрессии» атты кітабы, Қ. Рахмановтың «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» (Алматы, 2015 ж.), Б. Тоқсанбаевтың «Интерпол: Терроризмге жол жоқ» (Астана, 2013 ж.), «Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің өзара мәселелері» атты Х-шы Алматы конференция материалдары (Алматы, 2012 ж.), Халықаралық терроризм және экстремизммен күресіне негізгі терминдер мен ұғымдардың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі(Алматы, 2008 ж.).

Сонымен қатар, олармен қалай күресу керектігі туралы мәлімет берілген мерзімдік баспа материалдары да ұсынылды. Бұл басылымдар қазіргі терроризмнің дамуының негізгі тенденциялары мен оны жеңу жолдары туралы хабарлайды.Мәселен, «Қоғам және дәуір» ғылыми сараптамалық журналында (2020 ж., №1) жарияланған «Заманауи Қазақстандағы экстремизм мен терроризм туралы» атты мақаласы осыған дәлел. Мақалада ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстандағы экстремистік және террористік көріністердің алдын алу бойынша алдын алу шаралары мен пайда болу мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ аталған журналда жарияланған «Орталық Азияның Мұсылман діндарлары зорлық-зомбылық экстремизмі мен лаңкестікке қарсы: болжамдар және жоспарланбаған әсерлер» атты тағы бір мақала да танымды мәнге ие. Мақала Орталық Азия аймағындағы қазіргі «ислам өміріндегі» алуан түрлі құбылыстарды бағалауға және түсінуге арналған. «Юридическая газета» қоғамдық-саяси және құқықтық газетінде (2021 ж., 6 наурыз) жарияланған Ш. Ташболатованың «Как избежать зомбирования?» мақаласында қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі - олардың алдын-алу екенін айтады.

Құрметті оқырман! Сіздер көрме сөрелеріндегі кітаптардан террор, діни экстремистік жағдай, оның қоғамға залалы, зияны жайлы оны алдын- болдырмауға бағытталған көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу, сақтану сияқты шаралардан мол мағлұмат аласыз. Терроризммен күрес құзырлы орындардың ғана емес әрбір азаматтың да ат салысып күресетін міндеті екенін еске сала отыра, сізді кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

 

Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы: Майданбекова.А.Д