Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылы шілде айының 1-ші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілген еді. Сол жылдан бері облысымызда Ұлттық домбыра күнін тойлау бүгінге дейін жалғасын табуда. Осыған орай Кітапханамыздың Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясын негізге ала отырып облыс төңірегіндегі қолына қазақтың қара домбырасын ұстаған өнерпаздар арасында 27-ші маусымнан 3-ші шілде аралығында дәстүрлі үшінші «Сал домбыра, Сарыарқа» атты челленджі өтті. Челленджге Облысымыздың әр өңірінен еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін дарынды таланаттар қатысты. Атап айтқанда: Қ.Байжанов атындағы «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі-Каримов Елжас , Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті – Ардақұлы Нұрмұхаммед , «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, , Қарқаралы ауданы Қасым ауылының музыка мектебінің ұстазы-Сәкен Қуат , Қарқаралы қаласының «Балалар өнер мектебі», Бүркітті ауылдық кітапханасы , Сарыобалы ауылдық кітапханасы, Егіндібұлақ ауылының моделді кітапханасының оқырмандарына алғысымыз шексіз. Бұл біздің рухани асыл құндылығымызды ұмытпағанымыз және киелі қара домбырамызға деген зор құрмет!
Челлендждің қортындысы 4-ші шілде күні тікелей эфирде кітапханамыздың инстаграмм парақшасында өтті. Ұлттық домбыра күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік көрерменге таныстырылды. Кешіміздің құрметті қонағы №1 Музыка мектебінің білім алушысы – Қайырбек Санжар Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін әуелете орындады.
Кеш қортындысын төменде көрсетілген сілтеме арқылы көре аласыздар: facebook
Б.Ноғайбайұлы