Бүгін дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының апталығы жалғасын тапты.
Кітапханамыздың һақ төрінде танымал қарағандылық сазгер және ақын, композиторлар халық клубының жетекшісі, «ҚР Мәдениет қайраткері», Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «ҚР Үздік педагогы» Людмила Евгеньевна Мельниковамен «Песни дружбы и мира» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында «Тәуелсіз елім – тірегім» және «Моя планета земля» атты патриоттық әндер жинақтарының таныстырылымы өтіп, жинаққа енген авторлық әндер орындалды.
Кеш қонақтары ақын-композитор Татьяна Дмитриевна Поверникова және Қарағанды қаласының мектеп оқушылары сазгердің Облыстық, Республикалық ән байқауларынан жеңімпаз атанып жүрген шәкірттері: Тойшибекова Лунара и Алина Поверникова автордың сөзіне жазылған Қазақстан, сүйікті өлке, Сарыарқа, Қарағанды, табиғат, бейбітшілік және достық сынды әр тақырыптағы әндерін нақышына келтіріп орындап оқырмандарға керемет көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар ақынның құрметіне арнайы «На крыльях песни» бейне презентация мен кітапхана қорындағы сазгердің шығармашылығына арналған кітап көрмесі дайындалып көпшілік көрерменге ұсынылды. Кеш қонақтары авторға көңілдерінде жүрген сұрақтарын қоюды да қалыс қалдырмады. Кездесу кеші өте көңілді және әсерлі өтті.