«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері 15 жыл бойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуға ұсынылды.

Елімізде Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:

  • «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
  • «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
  • «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
  • «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

Биыл, яғни 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

Ахмет Байтұрсынұлының мұрасымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорындағы әдебиеттерді алып оқуларыңызға болады. Баршаңызды Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға шақырамыз!

Сонымен қатар, назарларыңызға кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.

 

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар

Іс-шаралар атауы

Өткізу түрі

Мерзімі

Жауаптылар

  1.  

Акция туралы ақпаратты кітапхана сайтына орналастыру.

Ақпарат

ақпан

КІАБ

2.

Көпшілік іс-шараларды ақпараттық қолдау

Кітапхана веб-сайтында және әлеуметтік желілер парақшаларында іс-шаралар өткізу туралы жаңалықтар мен шолуларды орналастыру, БАҚ үшін баспасөз парақтарын дайындау

Өткізілуіне қарай

Қызмет көрсету бөлімдері

КІАБ

3.

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық рухани көсемі»

Кітап көрмесі

қаңтар

Оқу залдары бөлімі

4.

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы»=«Ахмет Байтурсынов – гордость казахского народа»

Библиографиялық жадынама

наурыз

АБҚБ

5.

«Ұлт ұстазының ұлағаты»

Виртуалды сөре

наурыз

АҚҚБ

6.

«Тіл білімінің атасы»

Ақпараттық стенд

қыркүйек

АБҚБ

Көпшілік іс-шаралар

7.

«Оқитын отбасы»

Отбасылық оқу байқауы

Жыл бойына

Абонемент

8.

«Ұлттық рухани көсемі»

Бейне шолу

ақпан

Оқу залдары бөлімі

9.

«Қазақ халқының рухани көсемі=Духовный лидер казахского народа»

Дөңгелек үстел

ақпан

Оқу залдары бөлімі

10.

«Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»

Әдеби танымдық сағаттар

Ақпан-наурыз

Абонемент

 11.

«Ұлттың ұлы ұстазы»

Кітап көрмесі

ақпан

КОҚС

12.

«Сөз құдіреттің данасы»

Әдеби шолу

ақпан

КОҚС

13.

«Духовное наследие Ахмета Байтурсынова»

Виртуалды көрме

ақпан

КОҚС

14.

«Әліппенің атасы»

Әдеби сағат

наурыз

КОҚС

 15.

«Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары»

Ақпараттық сағат

сәуір

Абонемент КОҚС

16.

«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»

Портрет кеші

сәуір

Абонемент

17.

«Бірге оқимыз = Читаем вместе»

Әдеби сағаттар циклы

сәуір

Оқу залдары бөлімі

 18.

«Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы»

PR-акция

сәуір

Абонемент

КОҚС

ХКБ

 19.

«Akhmet Baitursynov: poet, scientist, educator»

Ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы

қыркүйек

ХКБ

20.

«Творец истории»

Бейне презентация

қыркүйек

Әкімшілік

21.

«Дәуірдің жарық жұлдызы»

Тарихи-әдеби кеш

қыркүйек

Абонемент

Оқу залдары бөлімі