Өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен танылып жүрген жас ақын Асылзат Арыстанбек 1978 жылы 26 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінен бастап өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып келеді. Алғаш рет Қызылорда қаласындағы Дарынды балалар мектеп-интернатында оқып жүргенде 16 жасында «Талаптың мініп тұлпарын» деген атпен шығармашылық кешін өткізген.

1996-2000 жылдар аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетінде білім алған.

2000 жылы Бұланды ауданының мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздық еткен. 2000-2001 жыл аралығында Бұланды аудандық әкімшілігінде іс жүргізуші-аудармашы қызметін атқарған. 2001-2005 жылдар аралығында Көкшетаудан шығатын «Бұқпа!» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында республикалық «Алаш үні» газетінде жауапты хатшы» 2006-2007 жылдар аралығында «Бұқпа!» газетінде Бас редактордың орынбасары. 2007 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласынан шығатын республикалық «Мырза» ер-азаматтар басылымында Бас редактордың орынбасары.

2006 жылы Көкшетау қаласында «Шын жүректен...» деп аталатын шығармашылық кеші өткен. Өлеңдері Зерде қоғамдық қоры шығарған ақын қыздардың жыр жинағы «Жыр десте» кітабына енген. «Бесінші маусым» атты жеке жыр жинағы жарық көрген.

Облыстық деңгейде өткен мүшәйралардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Жас ақынның өзі републикалық деңгейдегі, жалпы жыр додаларына қатысқысы келмейді.

Жырларында қазақ әйел ақындарының шеңберін бұзған «тентектік» бар. Эротикалық жанрда жазған өлеңдеріне оқырмандар әр түрлі пікірлерін білдіруде, «қазақ әйелдерінің бұған шейін «жабық» келген жан-дүниесін ашқан ақын» деген пікір де айтылуда. Асылзат шығармашылығыңызда эротика бар, ақынның өзі «Поэзия – тұтасымен эротика ..өлең бір ғашық адамың сияқты еліктіріп, елітіп, ақыр аяғында қолым жетті-ау дегенде, бұрыла қашып, ұстатпай, сонан кейін махаббат күндерін бастан кешіретін тәтті күйге бөлейтін кезеңдер арқылы жазылады...ешкімнен жасыра алмайтын ғашықтың күйі сияқты жарқ етіп жұртшылықтың назарына ілігеді. Одан шамалы өткен соң, өзің сүйіп, сүйінген өлеңіңнен жеритін кез де келеді. Осыдан кейін тек менің жазып жүргендерімді эротика деп, ал өздерінікін керемет тәрбиелік туындылар деп есептейтін ақындарға таң қалам» дейді.

Оқырман ықыласына бөленген жырлары өзегін өртеген шындықты, өмірдің шынайы келбетін жыр етеді.

Шығармалары:

  1. Арыстанбек, А. Бесінші маусым [Мәтін] : [өлеңдер жинағы] / А. Арыстанбек. - Астана : Profi MEDIA. - 2011. - 140 б.
  2. Арыстанбек, А. Өмір-кітап [Мәтін] / А. Арыстанбек // Кітап патшалығы. - 2012. - № 3. - 76 б.
  3. А.Арыстанбек. Өлеңдері. Күрең атың шөлдесе... Қазақ поэзиясы
  4. А.Арыстанбек. Күрең атың шөлдесе…:өлең | Тіл Майдан
  5. А.Арыстанбек. Құжат: әңгіме - Қазақ прозасы - Мәссаған!
  6. А.Арыстанбек. Кеттік Қарқаралыға!:өлеңдер - Қазақ поэзиясы 
  7. Арыстанбек, А. Бесінші маусым [Мәтін] : [өлеңдер жинағы] / А. Арыстанбек. - Астана : Profi MEDIA. - 2011. - 140 б.
  8. Арыстанбек, А. Өмір-кітап [Мәтін] / А. Арыстанбек // Кітап патшалығы. - 2012. - № 3. - 76 б.

Мақалалары:

1. Асылзат Арыстанбек: «Мен көп пәтериант қазақтардың бірімін»: ақын А.Арыстанбекпен сұхбат / сұхбаттасқан  ...

2.  Асылзат Арыстанбек: Күндіз сап-сау адаммын, қас қарайса, қағаз жеген жындымын: ақын А.Арыстанбекпен сұхбат / сұхбаттасқан Т.Абаилдаев.