Белгілі ақын, аудармашы, журналист Исәділ Алмат Мұратұлы 1976 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы облысы Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы орыс орта мектебінде, аудандық Музыка мектебінің домбыра сыныбында оқыған. ҚазМУҰ-дың журналистика факультетін сырттай бітірген.

Еңбек жолын №2 Кеген орта мектебінде музыка пәні мұғалімі ретінде бастаған. Республикалық оқушылар Сарайында қызметкер, «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында әдеби редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақ-Британ университетінің редакциялық-баспа бөлімінің бас менеджері, «Қазақ радиосы» бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы, «Әдебиет айдыны» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақ университеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізуші-редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта республикалық «Алаш айнасы» газетіде Мәдениет бөлімінің редакторы.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері, Сайын Мұратбеков атындағы арнайы сыйлықтың иегері.

Әдеби аудармамен айналысады. Түрік классиктері мен, А.Пушкин, С.Есенин, М.Лермонтов, И.Северянин, И.Анненскии сынды орыс ақындарының шығармаларын қазақшалаған. Орыс тілінде жазатын қазақтың көрнекті ақыны О.Сүлейменовтің бірқатар шығармаларын ана тілінде сөйлетті. Ақын балалар әдебиетіне де үлес қосуда, балалар мен жасөспірімдерге арнап шығармалар жазып жүр.

Алғаш «Жолдар, жолдар», «Жалғыз» деген өлеңдері «Жас алаш» газетінде басылып, ақын атануыма жол ашқан. Өлеңдері «ХХІ ғасыр поэзиясының антологиясы» сынды бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. «Отырар кітапханасының» тұңғыш сериясымен жарық көрген «Жолдар, жолдар...» және «Көңілалаң» кітаптарының авторы.

Шығармалары:

Исәділ, А. Жолдар, жолдар [Мәтін] : өлеңдер / А. Исәділ. - Алматы : Жазушы, 2001. - 40 б.

Исәділ, А.Көңіл алаң...[Мәтін] : өлеңдер / А. Исәділ. - Алматы : Жалын, 2008. - 80 б. - (Жас толқын).

Эмре, Ю. Өтер бұл күн... [Мәтін] / Ю. Эмре ; аударған А. Исәділ // Әлем әдебиеті. - 2012. - № 5. - 7-28 б.

А.Исәділ. Жас қаламгерлердің әлемтордағы туындылары. Қазақстаным! Өлеңдері.

Мақалалары:

  1. Исәділ, А. Ажалын да күліп қарсы алған ақын [Мәтін] :  Төлеужан Ысмайылұлы-70 жаста / А.Исәділ // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 16 тамыз(N33). - 14  б.
  2. Исәділ, А. "Ертегі-өмір! Өтіріксің, жалғансың, жылап тұрсын... бірақ маған күлкілі... [Мәтін] / А. Исәділ // Жас Алаш. - 2002. - 27 сәуір. - 7  б.
  3. Исәділ, А. Өлеңді құлша жұмсамай, оған қызмет ету керек [Мәтін] / А.Исәділ // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 4 қазан.-(Жас қалам, N4.-9 б.).
  4. Исәділ, А.  Бұл қалай "жиендік?" [Мәтін] / А. Исәділ // Қазақ әдебиеті. - 2004. - №31. - 4-5  б.
  5. Исәділ, А. "Бірде түнек, бірде нұр... өмір сен де, Ауа райы секілді алдамшысың" [Мәтін] : өлең / А.Исәділ // Жас Алаш. - 2004. - 22 мамыр. - 11 б.
  6. Исәділ, А. 50 жылдың бейнесі жоғалып барады [Мәтін] / А. Исәділ // Қазақ әдебиеті. - 2004. - №3. - 14  б.
  7. Исәділ, А. Туған тілдің бастауы... [Мәтін] / А. Исәділ // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 28 мамыр - 3 маусым (№ 21). - 8 б.
  8. Исәділ, А. Аймауытовтың "Ақбілегін" ел болып оқимыз [Мәтін] / А. Исәділ // Алаш айнасы. - 2011. - 11 наурыз (№ 42). - 5 б.
  9. Исәділ, А. Қазақ елі Қасым жырымен рухтанды [Мәтін] / А. Исәділ, С. Сағынтай // Алаш айнасы. - 2011. - 15 қыркүйек (№ 162). - 5 б.
  10. Исәділ, А. Мүдделес жастар Мәскеуде тоғысты [Мәтін] / А. Исәділ // Алаш айнасы. - 2011. - 27 желт. (№ 229). - 5 б.
  11. Исәділ, А. Тойға тарту [Мәтін] / А. Исәділ // Алаш айнасы. - 2011. - 15 қыркүйек (№ 162). - 8 б.
  12. Исәділ, А. "Әдебиет пен махаббат жасқа қарамайды" [Мәтін] : ақын, аудармашы А. Исәділмен сұхбат / сұхбаттасқан А. Ашанова // Мұқағали. - 2012. - № 9/10. - 78-83 б.
  13. Қараева, Ш. "Ұрпағыңа медет бер, Ұлы бабам!" [Мәтін] / Ш.Қараева, Б. Нұржекеұлы, Х. Әбжанов, А. Исәділ // Алаш айнасы. - 2012. - 8 желт. (№ 218). - 5 б.
  14. Исәділ, А. Әдебиеттің алыбынан қалған мәдениеттің марқасқасы [Мәтін] / А. Исәділ // Алаш айнасы. - 2013. - 19 қаңтар (№ 5). - 3 б.
  15. Исәділ, А. Бояумен көмкерілген поэзия [Мәтін] / А. Исәділ // Алаш айнасы. - 2013. - 9 ақпан (№ 20). - 5 б.

А.Исаділ. Ұлт әдебиетіне ғаламтор төрінен орын бар ма? «Алаш айнасы» газеті.

Ол туралы:

Исәділ, А. Әдебиет пен махаббат жасқа қарамайды [Мәтін]: белгілі ақын, аудармашы А. Исәділмен сұхбат / сұхбаттасқан А. Ашанова // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 5-11 қазан (№ 41). - 12 б.

Кесілген шыршаны көтеріп келе жатып... [Мәтін] / Ы. Дәбей [және т. б.] ; дайындаған Г. Бектас // Түркістан. - 2012. - 27 желт. (№ 52). - 8 б.