Әскербекқызы Жанат

Ақын Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. 1982-1987 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1987-1995 жж. өзі оқыған Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. 1995-2000жж. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1995 — 2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлемәдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында қызмет істейді.

«Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына диссертация қорғаған.

1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғүмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуейі» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2004), «Көркемдік өріс» (2008), "Мифтің поэтикадағы қызметі" (20010) ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сай-генің, Басенің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген.

1993 жылы ұйымдастырылған республикалық "Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. 1999 жылғы Республикалық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері және 1999 ж. Президент стипендиясының иегері. 2001ж. Қ.Аманжоловтың 90 және 100 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдегері (2001, 2011). 2001 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде "Көктүріктер әуені" өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алған. Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004). "Шығыс шынары" Халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері (2010, 2011).

Филология ғылымдарының докторы (1999), доцент (2005). Қазақстанның Жазушылар Одағы мүшесі (2001). Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «2011 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» медалімен марапатталған.

Шығармалары:

1) Әскербекқызы Ж. Көк түріктер әуені:өлеңдер / Ж.Әскербекқызы. – Астана: Елорда, 2002. – 88 б.

2) Әскербекқызы Ж. Қаракөз-бұлақ / Ж.Әскербекқызы.– Астана: Елорда, 2001. – 184 б.

3) Әскербекқызы Ж. Кір шалған күннен түңілігі: поэзия // Ж.Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 20 тамыз. –11б.

4) Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр: поэзия / Ж.Әскербекқызы // Жалын. – 2004. - №11. – 47-48 б.

Мақалалары:

1) Әскербекқызы, Ж. "Бекер болды, жөн еді ғой қайырылған" [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ақиқат. - 2007. - №5. - 47-51 б.

2) Әскербекқызы, Ж. Бекет Ата туралы аңыздардың мифопоэтикалық субструктурасы [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ақиқат. - 2010. - № 12. - 79 - 81 б.

3) Әскербекқызы Ж. Ж. «Бұлт қой анау жылаған...» немесе Есенғали Раушанов лирикасындағы кейіптеу тәсілінің жасалу жолдары / Ж.Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 29 шілде(№30). – 6 б.

4) Әскербекқызы, Ж. Кір шалған күннен түңілігі [Мәтін] : поэзия / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 20 тамыз. - 11  б.

5) Әскербекқызы, Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр [Мәтін] : поэзия / Ж. Әскербекқызы // Жалын. - 2004. - №11. - 47-48  б.

6) Әскербекқызы Ж. Өлеңнің қара бауыр қасқалдағы / Ж.Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 29 қараша (№292-295). – 14 б.

7) Әскербекқызы Ж. Е. Раушанов лирикасындағы іңірдің поэтикалық суреттемесі / Ж.Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 17 қазан. – 12 б.

8) Әскербекқызы, Ж. Сезім сырын селдеткен [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2008. - 2 тамыз. - 7 б.

9) Әскербекқызы, Ж. Талғамы биік қаламгер [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті : Қазақстан республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. - 2012. - 17-23 тамыз (№ 34).

10) Әскербекқызы Ж. Үні дара ақын: Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған / Ж.Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. – 2002. – 22 қараша. – 4 б.

11) Әскербекқызы, Ж. Ұлт рухының шырақшысы [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 3 шілде (№ 365/368). - 10 б.

Ол туралы:

1) Әскербекқызы Жанат // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 59 б.

2) Әскербекқызы Жанат // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 97 б.

3) Жақып Б. Сүттей таза жүректер.../ Б.Жақып // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 23 қараша (№47). – 10 б.

4) Жанат Әскербекқызы // Қазақстан жазушылары: Анықтамалық / Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса. - Алматы: "Аң арыс" баспасы, 2009.