2023 жылдың 12 қыркүйегінде кітапханамызда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студентері және мемлекеттік қызметкерлерінің жас мамандармен ҚР ПҒА мүше-корреспондеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры Түркенов Талғат Қуанышұлы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап және түсіндіру бағытында кездесу өтті.
Жолдаудағы еліміздің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру, корпоративті секторға несие беру мәселелерін шешу, сондай-ақ отандық аграрлық саланы дамытуды қолға алуға тапсырма берілгені туралы тұшымды ойларын жеткізді.
Оқу залының кітапханашысы Майданбекова Ақтолқын «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты жолдауға арналған кітап көрмесіне шолу жасады. Шолуда көлік - логистика әлеуетін толық ашу, туристік кластерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешен резервтерін пайдалану тақырыптарына арналған еңбектер ұсынылды.
Кездесуге қатысқан қонақтар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады.
Мұндай кездесулер маңызды сәт болып табылады, жастардың қызығушылығы мен маңызды ұлттық мәселелерге тартылуын атап көрсетеді және білім беру ортасын дамытуға, жастарды Қазақстанның қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысуға үйрете отырып, оларды тәрбиелеуге ықпал етеді.