25 ақпан күні Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен «Сарыжайлау» кинотеатрында қазақ халық композиторы,  жерлесіміз, әнші Мәди Бәпиұлының туғанына 145 жыл қарсаңында «Ел еркесі-ер Мәди» концерттік кеші өткізілді.

Мәдени іс-шара белгілі әнші, өнертанушы һәм киногер Ерлан Төлеутай түсірген «Мәди» деректі телефильмімен бастау алды.

Мәди Бәпиұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бірнеше еңбек жазған қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисті, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы композитордың туып-өскен ортасына, талайлы тағдырына қатысты деректермен бөлісті.

Кешке келген оқырмандарға Қарқаралы ауданына қарасты Едірей ауылының тумалары Мақсұт Жұмашұлы мен Құсайын Өсенұлы Мәди жайлы қариялардан естіген естеліктерін айтты.

Шара соңында «Қазақ өнерінің саңлағы» кітап көрмесіндегі әнші туралы әдебиеттермен мерзімді басылым беттерінде жарыққа шыққан мақалалармен танысты.  Шараның соңында кітапхана қызметкерлері «Жарқын бейне» деген атаумен Мәдидің әндері және ол туралы жарық көрген шығармаларды арқау еткен әдеби-танымдық викторина өткізді. Сұрақтарға жауап бергендер тиісті тарту-таралғыларға ие болды.

2025 жылы кітапханамыз YouTube желісінде «Кітапхана эфирде» атты жобасын іске қосты. Кезекті эфирде Мәди Бәпиұлының 145 жылдығына арналған, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлының қатысуымен «Ел еркесі – ер Мәди» атты подкаст жариялады.

Сондай-ақ, облысымыздың Орталық Қазақстан газетінде «Мәдидің мәңгі мұрасы» тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты.

Құрметті оқырмандар! «SARYARQA» телеарнасының ресми сайтынан Мәдиге арналған сюжетті тамашалай аласыздар! Толығырақ: