28 ақпан күні «Террикон алқабы» IT-хаб базасында «Кітапханалық-ақпараттық салаға ЖИ-технологияларды енгізу» атты өткізілген халықаралық семинар облыс кітапханаларының мамандары үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.
Іс-шараға жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар қатысып, кітапхана саласында жасанды интеллектті интеграциялаудың озық идеялары мен практикалық шешімдерін ұсынды.
Семинарды KIBERone халықаралық цифрлық технологиялар мектебінің тәлімгері әрі аккаунт-менеджері Сергей Чиняев ашты. Ол өз баяндамасында қатысушыларға заманауи нейрожелілік технологияларға шолу ұсынып, әдебиет, кескіндеме, музыка, кинематография және анимация контекстінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, классикалық және генеративтік жасанды интеллект арасындағы айырмашылыққа талдау жасады.
Астана қ. Maqsut Narikbayev Университеті кітапханасының атқарушы директоры Камила Асылбекова баяндаманың бірінші бөлігінде жасанды интеллектінің жетістіктері мен қолданулары туралы, сондай-ақ әлеуетті тәуекелдер, этикалық мәселелер және АІ-ді баланс сақтай отыра қолдану туралы айтса. Екінші бөлімінде ол шеберлік сабағын өткізіп, жасанды интеллект технологиясын күнделікті кітапхана жұмысында қалай қолдануға болатынын нақты түрде көрсетті.
Ал, «А-Бизнес Қазақстан» компаниясының бас директоры Тимур Дурмагамбетов қатысушылардың назарына жасанды интеллекттің адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдаланудың кең спектрін ұсынды. Ерекше назар АІ-дің кітапханалық қызметте пайдалану әлеуетіне бөлінді. Инновациялық тәсілдерді өз жұмысына енгізуге ұмтылатын кітапханашылар үшін бұл өте өзекті.
Ресей мемлекеттік жастарға арналған кітапхананың ақпараттық-техникалық кешен бөлімінің басшысы Антон Пурник онлайн режимінде қосылды. Онлайн кездесу барысында қатысушылар сарапшыға тікелей сұрақтар қойып, АІ өзекті проблемалары мен кітапханада қолдану перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы және Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК мамандары өздерінің жұмыс тәжірибесінде АІ технологияларын енгізу бойынша табысты кейістерімен бөлісті.
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың мамандары Қазақстанның алғашқы кітапханалық нейро-кеңесшісі DosAL және «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен әңгімелері» интернет-порталымен таныстырды.
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың мамандары оқыту және коммуникативтік-шығармашылық қызметтің түрлі мүмкіндіктері біріктірілген цифрлық технологиялар орталығы — BOKEY AI Station-ның құру тәжірибесімен және кітаптарды индекстеу, кітапхана сайтындағы ақпаратты іздестіру бойынша АІ технологияларын енгізумен бөлісті.
Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК кітапхана ісінің автоматтандыру бөлімінің маманы «QazGPT by Aldis» нейрожелі көмегімен жасалған «Құланөтпес» аңызын ұсынды және танымал АІ платформалары туралы ақпаратпен бөлісті.
Жалпы семинар спикерлері қатысушыларға кітапхана саласында жасанды интеллектті қолданудың нақты мысалдарын ұсынып, инновациялық шешімдерді одан әрі енгізуге шабыттандырды.
Семинарға Шығыс Қазақстан және Ресей кітапхана мамандарының қатысуы АІ кітапхана қызметіне енгізу бойынша талқылауды тиімді және жан-жақты етті. Отырыс барысында алынған тәжірибе мен білім цифрлық трансформация жағдайында кітапхана саласының одан әрі дамуының негізі болады.