Танымал жазушы, ақын, прозаик, романист, философ, кинодраматург, қазақ және орыс тілдерінде еркін жазатын қара сөздің шебері, Бішкек ПЕН-клубының мүшесі Дидар Амантай 1969 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті тәмәмдап, 1986-87 жж. Қазақ политехникалық институтында оқыған, әскери міндетін Қиыр Шығыста өтеген.
1989–1994 жылдары әлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994–1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 1994-98 жылдары Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтының кино факультетінде дәріс алған. 1987–1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997–2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» токшоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпебет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002–2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005–2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры, 2004–2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006–2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. 2009 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.
Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдердің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценариін жазған. «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).
Д.Амантай «Қастерле мені» шығармасында рухани мағынасыздық, берекесіздік жайлаған аралық, өтпелі кезеңде медет тұтар үш түрлі құндық-қасиетті күн тәртібіне шығара білген: олар - кітап тағдыры, бокс мәдениеті, мәңгілік межесі. Шығармаларында әрқилы көзқарастарға қозғау салар, ойландырар, пікір таласына шақырар дүниелер жеткілікті.
Қазақ оқырманынан лайықты бағасын алып, қазақ прозасының көкжиегін кеңейткен жазушының «Гүлдер мен кітаптар» атты кітабы ғалым Әбдуақап Қараның аудармасымен Түркияда жарық көрді. Стамбұлда шыққан кітапқа «Гүлдер мен кітаптар» романы мен «Төлеутай ақсақалдың немересі» әңгімесі енді. Француз тіліне де аударылған «Гүлдер мен кітаптар» романы жазылу мәнері жағынан қазақ әдебиеті түрлік ізденістің өзгеше бір қырын аңдататын қызықты хикаят. О басында «Тәңірдің кітабы» түрінде ойластырылып, роман концепциясын кейіпкері Әлішердің біржола басы байланған қаламгерлік қағидаты, мұң-зары, жазылып жатқан мәңгілік мұрасы (бәлкім екі дүниеге бірдей еншілес туындысы) төрелігімен ғана автор өз шығармасының атауынан бастап, бүкіл жаратылысын дәл түсіндіріп бере алған. Сыншы, мәдениеттанушы Ә.Бөпежанова осы туынды туралы «Гүлдер мен кітаптар» сынды шығарманы мен қазақ әдебиетінде бұрын-соңды алғаш оқуым» деген болатын.
Тілі көркем шұрайлы, оқиғалары шынайы, ойға қонымды, әрі тартымды «Күзгі рандеву» кітабына «Гүлдер мен кітаптар» романы, «Мен сізді сағынып жүрмін», «Ібіліспен сүйісу» повестері және көптеген әңгімелері кіргізілген.
Еуропа оқырмандарын қазақ шығармаларымен қауыштырған Дидар Амантайдың "Қарқаралы басында" атты кітабы Париж, Анкара және Ұлан-батыр қалаларында түрік, француз, монғол тілдеріне аударылып. басылған. «Гүлдер мен кітаптар» романын француз тіліне Айтқали Бақытов аударып, оған Альбер Фишлер есімді мәдениеттанушы сыни мақала жазған. Жазушының өзі осы туындысындағы өзгеше, тартымды стилі туралы «Мне интересно объединять стиль Эрнеста Хемингуэя со стилем Марселя Пруста и Габриэля Гарсиа Маркеса, добавляя туда интеллектуализм Милорада Павича и Хорхе Луиса Борхеса. И все это затем приправить особой эстетикой Альбера Камю и Алена Роб-Грийе и Ясунари Кавабаты. В моей поэтической прозе сюжет может существовать и не существовать. Я шел по направлению «рассказ – впечатление» деп түсіндіреді.
Еліміздегі әдеби ортаның өкілдері пікіріне құлақ асатын белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Герольд Бельгер Дидардың жоғары әдеби талғамы туралы «Он - продукт культуры, продукт философии, непривычного восприятия мира. Я верю в его талант, ибо для меня всегда выше всего культура и знания. А у Дидара это есть» деген болатын. Француз мәдениеттанушысы Альбер Фишлер кітапты жоғары бағалап, өз мақаласында «казахская литература продолжает жить и существовать благодаря таким авторам, как Дидар Амантай. Он доказательство интеллектуальной жизнеспособности этой страны» деп түйіндеген. Отандық киноға, қазақ прозасына айтарлықтай үлес қосқан, қазақ мәдениетінің жүгін арқалап жүрген қаламгер жайлыМұрат Әуезов «Дидар тарихпен, өткен заманмен және үлкен кеңістікпен тіл табыса алатын жазушылық қасиетін көрсетіп отыр. Өйткені ол мәңгілік құндылықтарды тудырушы. Оның өзіндік ерекше стилі бар» деп баға берген. «Дидардың романдары, хикаялары, әңгімелерінен автордың сюжеттік ситуация мен персонажды дәл бере алатындығын байқаймыз» дейді О.Сүлейменов.
Шығармалары:
1) Амантай Д. Қастерле мені / Д.Амантай. – Алматы: Өнер, 2000. – 576 б.
2) Амантай Д. «Мен сізді сағынып жүрмін»: проза / Д.Амантай // Қазақ әдебиеті. – Алматы. – 2002. – 27 қыркүйек. – 12 б.
3) Амантай Д. Гүлдер мен кітаптар: роман / Д.Амантай. – Алматы: Арман-3, 2003. – 108 б. - (Қазіргі заманғы Қазақстан романы).
4) Амантай Д. Күзгі рандеву: роман, повестер, әңгімелер / Д.Амантай. – Астана: Елорда, 2004. – 200 б.
5) Амантай Д. Вожди и поколения: рассказ / Д.Амантай; пер с каз. Т.Асемкулова // Начнем с понедельника. – 2006. – 15-21 дек.(№49). – С.20-21.
6) Амантай Д. Түнгі жарық: [проза] / Д.Амантай // Жұлдыз. – 2006. - №11-12. – 59-123 б.
7) Амантай, Д. Цветы и книги [Текст] : роман / Д. Амантай // Amanat. - 2007. - №6. - С. 76-117.; 2008. - №1. - С. 143-170.
8) Амантай, Д.Қарқаралы басында [Мәтін]: роман, повесть, әңгімелер, эсселер, өлеңдер / Д. Амантай. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 395 б. : портр.
9) Амантай, Д.Новеллалар [Мәтін] / Д. Амантай // Таң-Шолпан. - 2011. - № 4. - 36-77б.
Мақалалары:
- Амантай, Д. Ақсұңқардың Серігі [Мәтін] / Амантай Д. // Орталық Қазақстан. - 1996. - 19 қараша.
- Амантай, Д. Ел перзенті-бәйгісінде [Мәтін]: [Жәния Аубакірова туралы] / Д. Амантай // Қазақ әдебиеті. - 2002. - №49. - 14 б.
- Амантай Д. Бір керемет жүрегімде тұр менің...: поэзия / Д.Амантай // Жұлдыз. – 2003. - №11. – 25-29 б.
- Амантай, Д. "Мен сізді сағынып жүрмін" [Мәтін] : хикаят / Д.Амантай // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2003. - 23, 27 тамыз; Орталық Қазақстан. - 2005. - 6, 8 қаңтар. - 14, 13 б; Қарқаралы. - 2006. - №1. - 28-31 б.
- Амантай Д. «Мойнындағы қамыт қажап...»: Ұлықбек Есдәулет шығармашылық творчествосы / Д.Амантай // Ана тілі. – 2004. – 29 көкек. – 4 б.
- Амантай, Д. "Бір адамның Өзі - бүкіл адамзатқа барабар..." [Мәтін] / Амантай, Д. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 3 шілде. - 8 б; Қасым. - 2011. - №1. - 137-139 б.
- Амантай, Д. Менің Қазақстаным [Мәтін]: 25 қазан - Республика күні / Амантай, Д. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 23 қазан. - 4 б.; Қазақ әдебиеті. – 2004. – 23 сәуір. – 3б.
- Амантай, Д. Бұғылы Алтайдың ғазалдары [Мәтін] : жаңа кітап / Амантай, Д. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 4 қараша. - 11 б.
- Амантай, Д. Махамбет философиясы [Мәтін] / Амантай Д. // Азия транзит. - 2001. - №7. - 34-35 б.; Орталық Қазақстан. - 2005. - 27 қаңтар. - 8 б;
- Амантай Д. Бүгінгі қазақ прозасы / Д.Амантай // Дала мен қала. – 2005. – 27 мамыр (№21). – 7б.
- Амантай Д. «О СМИ, политичекой монополии и литературе»: беседа с литературным критиком Д.Амантаем / Д.Амантай; беседу вела Г.Искакова // Индустриальная Караганда. – 2006. – 14 окт. – С.6.
- Амантай Д. Әркімнің бір ойы бар: жазушы, философ Д.Амантаймен әңгіме / Д.Амантай; әңгімелескен А.Тұрсынова // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2006. – 2 қараша. – 8 б.
- Амантай, Д. "Надо смотреть на ситуацию в стране в масштабе единства нации и государства" [Текст]: [встреча с читателями в книжном магазине "Книгомания"] / записала Г.Абикеева // Начнем с понедельника. - 2007. - 30 нояб.-6 дек. (№47). - С. 21, 23.
- Амантай, Д. Менің шығармаларым өздерін-өздері қорғауы қажет [Мәтін] : Д.Амантаймен сұхбат / Д.Амантай // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 7-13 желтоқсан (№49-50). - 16 б.
- Амантай, Д. Төлеутай ақсақалдың әңгімесі [Мәтін] / Д.Амантай // Орталық Қазақстан. - 2009. - 14 наурыз (№ 37/38). - 6б.
- Амантай, Д. Қарағайлы шаһарында [Мәтін]: әңгімелер / Д.Амантай // Жұлдыз. - 2009. - № 12. - 19-39 б.
- Амантай, Д. Философия бастаулары және текті мәдениет туралы аңыз [Мәтін] / Д. Амантай // Қазақ альманағы = Казахский альманах. - 2010. - № 5. - 96 - 104 б.
- Амантай, Д. Писатель, записавший эпоху [Текст] : интервью с писателем и кинодраматургом Д. Амантаем / вела Г. Кыдырова // Страна и мир. - 2010. - 29 нояб. (№ 47). - С. 10.
- Амантай, Д. "Қасым Аманжолов" фильмі көрерменге жол тартты [Мәтін] : "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы Д.Амантаймен сұхбат / сұхбаттасқан Р.Нұрша // Орталық Қазақстан. - 2011. - 3 қыркүйек (№ 144/145). - 8б.
- Амантай, Д. Көзіңнен айналдым [Мәтін] : бүгінгі проза / Д. Амантай // Орталық Қазақстан. - 2012. - 3 қараша (№ 185/186). – 6 б.
Ол туралы:
- Ақсұңқарұлы С. Қарқаралыда туып, ғаламды жай қаратқан жаһанкез: Қарқаралыға – 180 жыл / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2004. – 3 шілде. – 8б.; [электрондық құжат]. Интернет материалдарынан. – 2005. – 5 наурыз.
- Калаус Л. Дидар Амантай: Современон тот, кто сегодня читается / Л.Калаус // Афиша. – 2005. - №1.
- Бөпежанова Ә. «Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы Дидар Амантайдың жаңа романы туралы / Ә.Бөпежанова // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 9 қыркүйек. – 12б.
- Бельгер Г. Цветы и книги Дидара / Г.Бельгер // Индустриальная Караганда. – 2005. – 22 ноября.
- Бельгер Г. Дидардың гүлдері мен кітаптары / Г.Бельгер // Орталық Қазақстан. –2006.– Қарағанды, 2005.-6 қазан.–8б.
- Ақсұңқарұлы С. Жаңа заманның қазағы / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2006. – 13 маусым. – 8 б.
- Искакова Г. Успешный дебют, блестящее продолжение: [творческий вчер Дидара Амантайулы Косылбекова] / Г.Искакова // Индустриальная Караганда. – 2006. – 20 июня. – С.6.
- Легендарный ФЭФ: 1946-2006 [о философско-экономическом факультете и выпускниках КазНУ им. Аль-Фараби] // Начнем с понедельника. – 2006. – 2-8 июня (№21). – С.18-19; 9-15 июня (№22). – С.18; 16-22 июня (№23) – С.18.
- Асанова А. Многогранный Дидар / А.Асанова // Взгляд. – Караганда, 2006. – 21 июня. – С.12.
- Бектурганова Р. Цветы и книги Дидара Амантая: интервью с Р.Бектургановой и А.Сабитовым о романе Д.Амантая «Цветы и книги» / Р.Бектурганова; вела М.Искакова // Начнем с понедельника. – 2006. – 29 сент. – 5 окт. (№38). – С.20.
- Олжабай С. Редакциядағы кездесу / С.Олжабай / Орталық Қазақстан. – Қарағанды. - 2006.- 7 қазан. – 6 б.
- Оразбай Е. Отызда орда бұзған ер: сүйер ұлың болса, сен сүй / Е.Оразбай // Орталық Қазақстан. – Қарағанды. - 2006. – 22 маусым. – 12 б.
- Жақыпқызы, Р. Бекзат ұл шаңырақтың төріндесін... [Мәтін] : [жазушы, журналист Д.Амантайдың шығармашылық кеші туралы] / Жақыпқызы Р. // Теміртау. - 2006. - 22 маусым - 3 б.
- Серікбайқызы А. «Қастерле мені...» [жазушы, журналист Д.Амантайдың шығармашылық кеші туралы] / А.Серікбайқызы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2006. – 29 маусым (№12). – 12 б. Серікбайқызы, А. "Қастерле мені" [Мәтін]: [жазушы, журналист Д.Амантайдың шығармашылық кеші туралы] / Серікбайқызы, А. // Балқантау. - 2006 . - 29 маусым(N12). - 12 б.
- Ақсұңқарұлы С. Алаш дейтін бала болмаса...:ұлт пен рух / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2007. – 1 наурыз. – 5 б.
- Майтанов Б. Треволнения постмодернизма / Б.Майтанов // Начнем с понедельника. – 2007. – 26 янв.-1 февр.(№3). – С.12.
- Шериязданова К. "Цветы и книги" Дидара Амантая [Текст] / К. Шериязданова // Казахстанская правда. - 2011. - 22 янв. (№ 23/24). - С. 9.
- Сыншы [Мәтін]: Әлия Бөпежанова туралы сөз / М. Әуезов [және т. б.] // Түркістан. - 2012. - 6 желт. (№ 49). - 15 б.
Тағы
· Ә.Бөпежанова. «Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы. (Дидар Амантайдың жаңа романы туралы).
· Герольд Бельгер. Цветы и книги Дидара. Abai.kz ...
· Герольд Бельгер. Дидар и его рассказы. Abai.kz
· Адам Мекебаев. Түпсіз тұңғиық туралы хикая (Дидар Амантайдың шығармашылығы хақында).