2024 жылғы 1-4 қазан аралығында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жыл сайынғы «Қарағандының алғашқы кітапханасы» ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты - кітапхананың әлеуетті оқырмандары аясын кеңейту, кітапхана мен бөлімдер ұсынатын қызметтермен, жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен таныстыру, оқуға қоғамдық қызығушылықты арттыру.
Таңертеңнен бастап жас студенттері қызықты және танымдық алаңдар күтіп тұрды: «Таныс және бейтаныс кітапхана» ақпараттық минут, тақырыптық кітап көрмелері, шолулар, блиц-сауалнамалар, зияткерлік-танымдық ойындар, фотосессиялар. Фойеде, арнайы дайындалған стендте ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі дайындаған «Бізге - 90!» тілек бұрышы ұсынылды. Келушілер кітапхана жұмысы бойынша өз құттықтауларын, тілектерін және ескертулерін қалдырды. Мәселен, «Өте керемет кітапхана!», «Оқырмандармен одан әрі дамуды тілеймін!», «Рахмет!, сіздерге табыс пен ілгерілеуді тілеймін!», «Атаулы 90 жылдықтарыңызбен құттықтаймыз!» т.б. керемет ізгі-тілектерін студенттер стенд тақтасына жазып қалдырды. Кітапханаға жазылғысы келетіндерге оқырмандар билетін тегін рәсімдеу мүмкіндігі берілді. «Менің кітапханам» атты қызықты блиц-сауалнаманы, «Таныс және бейтаныс кітапхана» инфомминутын және «Буккроссинг - еркін кітап аймағы» қызықты буккроссингін құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі дайындады. Олар экскурсанттарға ҚОӘҒҚ қызметі мен кітапхана қорлары, каталогтар, оның ішінде электронды, кітапхана сайты мен блогы, КОУНБ-ның интернет кеңістігіндегі әлеуметтік желілерге қатысуы туралы ақпарат берді.
Кітап сақтау бөлімінің қызметкерлері оқырмандармен таныстырған Әл-Джами Абдурахманның «Араб тілінің грамматикасы» (1491 жыл), орыс және шетел әдебиеті классиктерінің 19-20 ғғ. Фолианттар (алыптар): «Азия Ресейінің атласы» (1914 жыл), Джон Милтонның «Жоғалған және қайтарылған жұмақ» (1895 жыл) кітаптары да қызығушылық тудырды. «Титаник», «Египтология», «Айдаһар тану», «Мумиялардың жұмбақтары», «Жауынгерлер» атты еңбектер аса қызығушылық тудырды. Көрменің әшекейі факсимильді және миниатюралық басылымдар болды. Өлкетану әдебиеті бөлімінің қызметкерлері студенттерге Қарағанды қаласының шығу тегі мен даму тарихы жайлы экскурсия өткізді, балалардың назарына Қарағанды туралы сирек кездесетін және бірегей кітаптар, жазушылар мен ақындардың қолтаңбалары қойылған кітаптар ұсынылды. Студенттер үшін «Ойла, ойңа, жең» викторина ойыны өткізілді. Ойын барысында қаламыздың тарихы туралы көптеген сұрақтар қойылып, балалар өңірдің тарихын ерекше білетіндігін байқаты. Экскурсия соңында студенттер өлкетану әдебиеті бөлімінің ішінде құрылған жастарға арналған «Ой орда» пікірталас клубына қатысуға шақырылды.
Халықаралық кітап бөлімінде «Халықаралық кітап бөлімінің тілдік панорамасы» атты сұхбат өткізілді. Ашық есік күні аясында Орталық Қазақстан Академиясының шетел филологиясы және аударма ісі факультетінің студенттері шақырылды. Студенттер мен оқушылар үшін біздің халықаралық кітаптар топтамасының бай ассортиментімен және ресурстарымен танысуға, сондай-ақ әлемнің түрлі тілдері мен мәдениеттері туралы білуге тамаша мүмкіндік болды. Әңгімелесу барысында әлемдік әдебиет, мәдениет және тілдер саласындағы әдеби викторина ұсынылды. Викторина қызықты ойын түрінде өтті. Америка бұрышының үйлестірушісі бұрышта өткізілетін қызықты іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Speaking Club, Sign language және басқалары сияқты ымдау тілі сабақтары болды.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Шеберлер клубы» қатысушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізді, бөлім қызметкерлері осы клубтың қызметі мен іс-шаралары туралы баяндады. «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты қолдан жасалған бұйымдардың әдемі көрмесі қонақтарға өте ұнады. Балалар өнер бойынша кітаптар мен альбомдармен, бірегей «Ретро пластинкалар коллекциясымен» танысты. Өткен жылдардағы В. Цойдың, «Дос Мұқасан» ансамблінің орындауындағы әндер, классикалық музыканың шығармалары студенттерді таң қалдырды, олар өздерін өткен ғасырдың 80-ші жылдарына ауысып, бір демде тыңдады.
Іс-шара барысында абонемент бөлімінің қызметкерлері ЖОО мен колледж студенттерін бөлім жұмысымен таныстырып, «Ұлы даланың тарихи тұлғалары», «Көркем шығарма шебері», «Ақынның тағдыры мен шығармашылығы» атты көрмелер бойынша кітап шолуын өткізді. Кітапхана қорына келіп түскен «Ой маржаны - кітап» атты жаңа әдебиеттер топтамасын таныстырды. Қарағанды машина жасау колледжінің 1 курс және Қарағанды медициналық колледжінің емдеу ісі факультетінің 1-Ф3-9 тобының студенттеріне «Көп оқитын көп біледі!», «Әдебиет және кино» викториналары өткізілді. Студенттер қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, көптеген қызықты ақпараттар алды.
Экскурсияға келген балалар оқу залы бөлімінің жұмысымен - «Танысайық» деп аталатын алаңмен, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған көрмемен танысты.
Ашық есік күні аясында 2024 жылдың 30 қыркүйегінен 4 қазанына дейін «Кешірілген кітап апталығы» акциясы жарияланды. Барлық оқырмандар кітаптарды айыппұл санкцияларынсыз кітапханаға қайтару мүмкіндігіне ие болды.
Осы күні көптеген қызықты шаралар өткізілді. Бұл тек кітапханаға ғана емес, біздің қалаға, біздің адамдарға, қызықты экскурсия болды. Біздің сұранысымызға жауап қайтарып, эксурсияға қызығушылық танытқын қаланың барлық оқу орындарының әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.