2006 жылдың 8 ақпанында кітапхана жанынан "Жыр-Жауһар" поэзия клубы құрылған болатын. Клубтың ашылуы ақиық ақын М.Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген еді.

Клубтың мақсаты – жыр жазуға құлшынысы бар, талабы биік таланттарды қолдау, Алаштың атын аспандатқан қазақтың ақындарының өлең-жырларын дәріптеу, жастарды кеңге құлаш жайған қазақ поэзиясына баулу болып табылады.

"Жыр-Жауһар" поэзия клубының бүгінгі қарқыны көңіл марқайтып, көз қуантады. Клуб мүшелері республикалық, облыстық деңгейдегі мүшәйраларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жас ақындардың өлеңдері республикалық, облыстық басылым беттерінде жиі жарияланып, алғашқы жыр жинақтары да жарық көруде. Аймақта өткізілетін барлық әдеби, мәдени шараларға белсене ат салысып, өңірдің рухани өміріне өз үлестерін қосуда.

2016 жылдың қазан айында Жыр – Жауһар клубы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінде Арқа еліне ғана емес, Республика көлеміне танымал аталмыш клубтың ашылғанына 15 жыл толып отыр. Шығармашылық орталықтың жеткен жетістіктері мен алған асуларын насихаттау, жастарды қазақтың әдеби әлемімен таныстырып, кітап оқуға тарту мақсатымен биылғы жылға кешенді жұмыстар қолға алынды.

Толығырақ...

"Жылап келіп, келмейді жылап кеткім!

Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.

Жамандықты жақсартып, жақсылықты,

Онан сайын келеді қуатты еткім"

 

2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.

Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды.

Толығырақ...

Достар, халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 70-жылдығына арналған бейне презентацияны тамашалауға шақырамыз!

Алаш зиялысы, заңгер, қоғам қайраткері, құқық магистрі Жақып Ақбаевтың 145 жылдығына арналған «Қазақтың тұңғыш заңгері» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз. Тарихи тұлғаларымыз жайлы білуге асығыңыздар!