Биыл ХХ ғасырдың спорт өнеріндегі алып тұлға, Халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Ұлы даланың күш атасы, біртуар қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай кітапханамызда «Ұлттың адал ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Балуан Оңтүстікте туғанымен, 2 жасынан ата-анасымен Ақмола уезі Қараөткел маңында тұрған. Күреске деген құштарлық, күрес өнерін игеру үшін жат өлке Санкт-Петербургке аттанып, күрес үйрететін мектепке түсіп, күрестің әдіс-тәсілдерін үйренеді.

Толығырақ...

2021 жылдың 6 сәуір күні "Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылым кітапханасы" КММ Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен танымал журналист, публицист, аудармашы Марал Хасеннің шығармашылығына арналған "Қаламгер мұрасы" атты 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. Шара онлайн форматта ZOOM  платформасында ұйымдастырылды.

Марал Хасен еліне, жеріне еңбегі сіңген, ойы терең, тілі бай журналист, публицист, әзіл-сықақтың майталманы, өзінің тілін құрметтеп, өзгенің тілін шебер меңгеріп, қазақтың көркем сөзін басқаларға таныта білген аудармашы, есімі көпшілік оқырман қауымға кеңінен танымал. Өткір ойлы, биік парасат-пайымды, терең зейін-зерделі, шын жүректен туындаған еңбектері халықтың қарапайым, ұғынықты тілімен жазылғандықтан әркез оқырман жүрегіне жол тапқан.

Толығырақ...

Құрметті өнер сүйер қауым! 27 наурыз - Халықаралық театр күніне арналған "Актер әлемі" атты кітап көрмесін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Америкалық бұрыштар — бұл Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен облыстық әмбебап кітапханалар базасында ашылған ақпараттық-ресурстық орталықтар. ОӘҒК Н. В. Гоголь атындағы Америка бұрышы жоғары сапалы ағылшын тіліндегі ресурстарға, зерттеу базасына, американдық кітаптарға, фильмдерге, ойындарға және басқа да қызығушылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Американдық бұрышқа келушілер жаңа достар таба алады, ағылшын тілін үйреніп, АҚШ мәдениеті туралы мағлұмат ала алады.

2020 жылдың наурыз айынан бастап пандемияға байланысты Қарағандыдағы Америка бұрышы онлайн-форматта жұмыс жасай бастады. Әр ай сайын Қазақстандағы америкалық бұрыштардың белгілі бір тақырыпқа сайбағдарламалар арнайды, атап айтқанда халықаралық мерекелерге және АҚШ тарихындағы маңызды күндерге арналады. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде апта сайын Қарағанды қаласының Америка бұрышы әр түрлі іс-шаралармен апталық кестені жариялайды. Американдық бұрыштарда пікірталас және сөйлесу клубтары, семинарлар және шеберлік сағаттар және т.бшаралар өткізіледі. Сонымен қатар, америка бұрышының танымал бағыттардың бірі ол -STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика). STEAM бағдарламалары аталмыш салаларда «жұмсақ дағдылардың» дамуына көмектеседі.

Толығырақ...