Қазақ поэзиясында ірілердің ізімен жүріп, інілік ізетін көрсете жүріп, өзі де ірілердің қатарына қосылған апайтөс ақындардың бірегейі, базары қайнаған әдебиет әлеміндегі өз орны бар Жүрсін Ерманның шығармашылығына арналған «Жүрсіннің жезкиік жырлары» атты диалог-көрмені тамашалаңыздар!
Ақынның жауһар жырларын оқыған сайын бір ғажайып ләззатқа кенелесіздер! Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары әрі достарымыз Серік Сағынтай @seriksagyntai мен Жәнібек Әлиманға @zhanibekaliman алғысымыз зор! Ал Жүрсін ағамызға @zhursin_yerman зор денсаулық, баянды да берекелі ғұмыр тілейміз!
 

2021 жылы 17 ақпан күні Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жетісу өңіріне ғана емес бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, "Тарихы мол білім ордасы" тақырыбында мектеп – интернаттың тыныс тіршілігі жайлы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп – интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәрипа Қапашевамен тікелей эфирде сұхбат өтті.

Толығырақ...

Биылғы жылы ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Ж. Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Жыршы көзі тірісінде 1936 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты атанған. Мерейлі мейрамның қарсаңында кітапхана төрімізде "Жамбылдың жыр жиһаны" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге абыз жыраудың сирек және құнды кітаптары топтастырылып, шығармашылығы мен өміріне негізделген еңбектер қойылды.

Толығырақ...