1961 жылдың 12 сәуірі адамзат тарихында Ұлы күн болып есте қалды.. Ю.А. Гагарин жүзеге асырған адамның алғаш рет ғарышқа сапары ғылымның даму жолындағы революциялық қарышты қадамының бірден – бір айғағы болды.
2021 жылы ғарышкер Ю.А. Гагариннің алғашқы ғарышқа ұшуына 60 жыл және Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтың алғашқы сапарына 30 жыл толады.
Құрметті оқырман! Аты аңызға айналған жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл бейнелеу өнерінде" атты иллюстрацияланған экспозицияны назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік дамуы жолында ғылымның алатын орны айрықша. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан ғалымдарының алғашқы форумында (01.12.2011 ж.) сөйлеген сөзінде «...Елдігімізді дамытуға ғалымдар үлкен үлес қосуда. Олар ғылымды дамытып, жаңа мектептер қалыптастырды. Сондықтан тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктеріміздің бірі – ғылыми әлеуетімізді сақтап қалуымыз болды» - деген болатын.
Қазақстан топырағында ғылым тақыр жерден пайда болған жоқ. Сонау орта ғасырларда қазақ топырағынан шыққан ойшылдар, 19 ғасырда ағартушылық бағыт ұстанған, алғашқы ғылыми ойдың туын көтерген ғұламалар, 20 ғасырдың басында Алаштың атын шығарып, ұлтын ұлықтаған тұлғаларымыздың есімі қазақ жұртының, әлем жұртының есінде сақталған.
"Күш атасы - Қажымұқан" Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. : Ұ.Ө. Жамауова. – Қарағанды, 2021
Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын-жазушылар, туған жерін жаудан қорғаған батырлар, өнер мен спорт саңлақтары... Сондай мақтан етіп, қадірлейтін, қазақ халқының қастерлі перзенттерінің бірі, алып күшімен әлемді дүбірлетіп өткен күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
Қазақтың ұлттық өнерінің төресі, бойтұмары саналатын спорттың түрі ол - балуандық. Ал, осы күрес өнері арқылы қазақты алғаш әлемге танытқан, дүниежүзінің 30-ға жуық елін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлының биыл 150 жылдық мерейтойы.
Ендеше, құрметті оқырмандар ұлттық тарихымызда ғана емес, әлемдік спорт тарихында да сирек ұшырасатын, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып келе жатқан тумысы бөлек тарихи тұлғаның өмір жолы мен сан қырлы спорттағы жетістіктері жайлы танымды деректер жинақталған "Күш атасы – Қажымұқан" атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Жадынама көпшілік оқырманға арналған.
Биыл ХХ ғасырдың спорт өнеріндегі алып тұлға, Халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Ұлы даланың күш атасы, біртуар қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай кітапханамызда «Ұлттың адал ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Балуан Оңтүстікте туғанымен, 2 жасынан ата-анасымен Ақмола уезі Қараөткел маңында тұрған. Күреске деген құштарлық, күрес өнерін игеру үшін жат өлке Санкт-Петербургке аттанып, күрес үйрететін мектепке түсіп, күрестің әдіс-тәсілдерін үйренеді.