Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының іске асырылатын жобалар картасы: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: С.О.Телпекбаева.- Қарағанды: б.ж., 2013. - 42 б. – (Облыстық кітапхана - өлкетану орталығы).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру оны әртараптандыру және ұзақ мерзімге Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуді қамтамасыз ету жолында Қарағанды облысы бірқатар көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып табылады.
Үдемелі индустриализация бүгінде Қазақстан үшін нақты қажеттілік болып отыр. Экономикалық қуатты тиімді аумақтық ұйымдастыру есебінен – Индустрияландыру картасы – бағдарлама экономикалық өсімнің жаңа орталықтарын құруға, басым салаларды тиімді арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін әлемдік нарықта арттыру.
Қарағанды облысы - индустриялық бағдарламалары бойынша үлкен әлеуеті бар қуатты аймақтардың бірі. Облыста көлік құрылысы, тау-металлургиялық кешен, метал өңдеу, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, химиялық және фармецевтикалық өнеркәсіп және басқа да салалар бойынша жоспарлы түрде дамып келеді.
Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан жалпы құны 407,3 млрд. 248,8 млн. теңгені құрайтын 66 жоба енгізіліп, нәтижесінде 9426 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Индустрияландыру картасынан тыс 4 жоба іске қосылып, 240 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туды. (Қарағанды облысы әкімінің халық алдындағы есебінен // Орт.Қазақстан. – 2012. – 12 ақпан (№23). – 1 б.). Қазіргі таңда 58 жоба іске асырлды. (2010 жылы 9 жоба қосылды, 29 млрд. 204 млн. теңге, 808 жұмыс орны, 2011 жылы 24 жоба іске қосылды, жалпы сомасы 36 млрд. 692,1 млн. теңге, 1541 жұмыс орны, 2012 жылы 9 жоба іске қосылды, 8 млрд. 712,4 млн. теңге, 935 жаңа жұмыс орны)
Сонымен бірге бағдарлама аясында «Өнімділік-2020» бағдарламасының шеңберінде 2012 жылы 3 кәсіпорын осы бағдарламаға қатысты. Олар: «ДОК.KZ» ЖШС, «Централизованная» ЖШС және «ККК Бетон» ЖШС. Облыста өндірістердің көбі бүгінге дейін Қазақстанда болмаған өнімдерді өндіреді. «Мысалға, олардың қатарында «Айқын жол» компаниясының бұдырлы металлдары, «НОРД Пром НС» компаниясының жоғары жылдамдықты теміржолға арналған темірбетонды шпалдары, «Пролюкс» ЖШС-ның диодты энергия үнемдеуші шамдары бар. «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Экспортер-2020» бағдарламасының арқасында шикізаттық емес саланың 240 кәсіпорнына қолдау көрсетіліп, 6 мың жұмыс орны ашылды (www.bnews.kz.)
Қарағанды облысы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда көшбасшылардың бірі болып келеді. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының ауқымында Қарағанды облысының үйлестіру кеңесі 98 несиенің 20,9 млрд. теңге көлеміндегі несиелік мөлшерлемелерін субсидиялауды мақұлдап, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде облыс кәсіпорындарында 7000-нан астам жұмыс орны сақталып, 2000-ға тарта жаңа жұмыс орындары ашылды. (http://thenews.kz/2013/01/10/1295589.html).
Оқырманға ұсынылып отырған бұл библиографиялық көрсеткіштен Қарағанды облысы бойынша ҮИИД бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындар мен олардың өндіретін өнімдері туралы мағлұматтар ала алады. Іске қосылған жобалар әр сала бойынша құрастырылды; Тау-кен ісі, Металлургия, Құрылыс, Транспорт, Машина жасау, Химия өнеркәсібі, Агроөнеркәсіп кешені, Энергетика, Полиграфия, Жеңіл өнеркәсіп. Әр сала бойынша жобаның атауы, жобаны жүзеге асыру орны, жобаның өтiнiш берушiсi, жүзеге асыру кезеңi, шығарылатын өнiм, жобаның жалпы құны, млн. теңге, жұмысқа орналастыру орын саны, жобаның қуаттылығы (1 жылда), жобаның жағдайы және соңында осы сала бойынша әдебиеттер тізімі беріліп, оның толық мәтіні беріледі. Мұндағы мәліметтерді жинақтауда кітапхананың кітап қоры, «Өлкетану» деректер базасы, интернет ақпараттары пайдаланылды. Көрсеткіш кәсіпкерлерге, кітапхана қызметкерлеріне, ұстаздарға, студенттерге арналған. Өлкетану бөлімінің ҮИИД бағдарламасы бойынша әдебиеттерді жүйелеуде кейбір материалдардың, деректердің толық болмауы мүмкін. Сондықтан оқырмандардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын құрастырушылар мұқият тыңдап алғыспен қабылдайды.
Толықмәтінді мақалалар тізімі
Айтжанова Қ. Дамуымыздың даңғыл жолы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 25 желт. - 2 б.
Айтжанова Қ. Жаңа жобалар іске қосылды // Орталық Қазақстан. - 2011. - 25 маусым. - 1 б.
Айтжанова Қ. Қазаны баяғыша қайнаған // Орталық Қазақстан. - 2010. - 1 сәуір. - 1 б.
Амангелдіқызы А. "Жалын" кенішінің келешегі зор // Орталық Қазақстан. - 2010. - 17 маусым. - 1 б.
Амангелдіқызы А. Жаңа өндірістер іске қосылды // Орталық Қазақстан. - 2011. - 16 маусым. - 1 б.
Бекмаханұлы И. Заманауи зауыттағы қуатты серпін // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 мамыр. - 2 б.
Индустриялық парк қанат жаяды // Орталық Қазақстан. - 2010. - 1 маусым. - 2 б.
Кен байыту фабрикасы іске қосылды // Орталық Қазақстан. - 2010. - 26 маусым. - 1 б.
Қатаң бәсеке жағдайында // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 ақпан. - 1 б.
Нақыпбекұлы Б. "Жалын" кеніші ашылды // Жаңаарқа. - 2010. - 26 маусым (№ 39). - 1 б.
Оспанов Ш. Көктасжал көңіл көншітеді // Орталық Қазақстан. - 2010. - 24 маусым. - 1 б.
Тойшыбек Б. "Бапының" бағы жанар күн алда // Орталық Қазақстан. - 2010. - 15 маусым. - 1 б.