Құрметті оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға өлкетану әдебиеті бөліміне келіп түскен Өлкетанулық жаңа кітапқа бейне шолу ұсынамыз. Кітапхана қорындағы кітапқа тоқталсақ:
«Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес», - демекші құрметті кітап сүйер оқырман қауым, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Әмір Шарапат Қауденұлының сыйға тартқан «Туған өлке - Ақжарым» атты кітабымен таныс болыңыздар!
Бұл еңбектен қасиетті Ақжар ауылының құрылу тарихы, осы ауылдан репрессияға ұшыраған, Ұлы Отан соғысына қатысқан, одан оралмағандар, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысушылар туралы мәліметтер баяндалған.
Жинақта Ақжар ауылынан білім ордасында қызмет істеген ұстаздары, ғалымдары, көп балалы аналар, медицина саласының қызметкерлері жайлы мағлұматтар нақты деректермен айтылып, айшықталып, көркемделіп көрсетілген.
Ақжар аймағының, құтты мекенінің өткенінен сыр шертеді.
Өткенді білуге құштарлық - болашақ үшін рухани нәр іздеу. Олай болса, өз өлкесін білем деген оқырман қауымға таптырмас еңбек.