Достар!

Қарқаралының ежелгі тарихымен, ғажайып табиғатымен,  бар ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған Қасымның туған жері мен дауылпаз жырларымен жүздесу мүмкіндігін, құштарлық пен жарқын эмоциялар әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған Қарағанды жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін «ШЫҚШЫ ТАУҒА, ҚАРАШЫ КЕҢ ДАЛАҢА...» атты өлкетанулық экспедиция ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

Өлкетанулық экспедиция  2024 жылдың қазан айының 10-11 күні Қарқаралы ауданында өтеді.

Шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен іске асады.

Іс-шараның мақсаты: Жастарды дауылпаз ақынның өскен ортасын, тарихын таныстыру арқылы тарихи жерлермен тығыз байланыстыру.  Белсенді және шығармашыл жастардың тың идеялары арқылы, еліміздің жарқын жетістіктерін танымал ету, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, кітап оқуды алға жылжыту.

Экспедиция Қарағанды – Қарқаралы - Қасым ауылы – Сарыобалы – Қарқаралы – Қарағандытуристік маршрут бойынша іске асады.

Шараға Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 5 команда қатысады (жас ерекшелігі 18-28 жас аралығы).

Командалар әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындайды.

Өлкетанулық экспедиция  ЕРЕЖЕСІ

2024 жылдың 16 қыркүйекке дейін Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтінім қабылданады. Өтінім olketanu@karlib.kz электронды поштасына жіберілу керек.

Жеңімпаз командаларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.

Өмір бойы есте қалатын өлкетанулық саяхатқа дайынсыздар ма? Олай болса,  Қарқаралы баурайындағы  ең әдемі күзді қарсы алыңыздар!

Қатысып бақ сынап көріңіздер. Мүмкін жеңімпаз сіздердің командаларыңыз  болар!

Позитивті эмоциялар мен шабыттың осы қызықты әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!