10 қантар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана базасында Қарағанды облысы кітапханаларының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы және кітапханалық мәселелерді талқылау мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Қ.Т. Ашкеев, облыстық кітапханалардың және қалалық, аудандық ОКЖ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Отырыс барысында тұрғындарды кітапханалық қызметпен қамтамасыз ету, кітап қорын толықтыру, кітапханалардың ғимарат жағдайы, сайт мәселесі, ОКЖ-дың кәсіби біліктілігін көтеру, қаражат бөлу мәселелері және оны тиімді жұмсау сұрақтары, сонымен қатар 2024 ж. арналған жылдық жоспарлары талқыланды.