23 қарашада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана ісін дамыту стратегиясы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер» атты VІIІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Cеминар гибрид форматта (офлайн және онлайн) өтті.

Семинардың мақсаты:

  • Облыс кітапханаларының даму стратегиясын анықтау.
  • Кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетті дамыту.
  • Халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту.

Атап айту керек, семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, оған спикерлердің әсерлі аналитикалық баяндамалары және кітапханашылардың кәсіби диалогқа белсенді қатысуы ықпал етті.

Отырыста:

  • «Кітапхана жобалары және оларды насихаттау» және «Заманауи жағдайлардағы кітапханаларды трансформациялау» панельдік сессиялары;
  • К. Баялинов атындағы Қырғызстан республикалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жобалар менеджері Н.Н. Сарыбаевамен, С. Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК Жастар шығармашылық орталығының басшысы М.А. Таженовамен және «Транстелеком» акционерлік қоғамының маманы Ф. Соколовпен ZOOM-конференциясы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, семинардың екінші бөлімінде үш секция бойынша жұмыс жоспарланды:

  • Ойлау дизайны тренингі - Манчестер университетінің ғылым магистрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының доценті, сертификатталған тренер және коуч Жансейтов А.Т.;
  • «Жеке деректерді қорғау: әлеуметтік желілерде ақпаратты дұрыс жариялау» тренингі - журналист, Қарағанды облысының медиасауаттылық үйінен медиа жаттықтырушы Проскурякова А.Э.;
  • «ИРБИС64 кітапханаларының автоматтандыру жүйесі: корпоративтік каталогтау мүмкіндіктері» тақырыбында ЭйВиДи-Қазақстан» ЖШС басшысы Токмаков В.В.

VIII облыстық кеңейтілген онлайн-семинардың модераторы Н. В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Шаймуханбетова Айнұр Сәкенқызы болды.

Бірінші панельдік сессиядағы баяндамалар семинарға қатысушылардың сөзсіз қызығушылығын тудырды: «Кітапхананың жобалық қызметі: жоспардан іске асыруға дейін» (К.Баялинов атындағы Қырғызстан республикалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Сарыбаева Н.Н. (Бішкек қ.),  «Business community» жастар жобасы» (С. Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК Таженовамен М.А., (Павлодар қ.).

Аталмыш спикерлерге шығармашылық идеяларды қаржылай қолдау, Қырғызстанның өңірлік кітапханаларының жобаларын үйлестіру, кітапхана іс-шараларына аудиторияны тарту бойынша және т. б. сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ панельдік сессияда өңіріміздің ОКЖ практикалық тәжірибе-жобалары ұсынылды: «Библиотуризм: көшпенділердің ізімен» жобасы (Жанарстанова С.Е., Осакаров ауданының ОКЖ) және «Есімі қалды мәңгілік: тарихи тұлғалар өлке картасында» (Сұлтанбекова Ш.Қ., Абай ауданының ОКЖ).

Қатысушылардың назарына кітапханалардың ақпараттық ресурстарын құрудағы бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері жайында «Кітапхана үшін АБИС: заманауи мүмкіндіктері және дамыту перспективалары» В.В. Токмаков «ЭйВиДи-Қазақстан» ЖШС басшысы және «Ekitaphana.kz электронды кітапхана сервисі» Ф.Соколов «Транстелеком» АҚ өкілі Pitch-презентациялар ұсынды.

«Заманауи жағдайлардағы кітапханаларды трансформациялау» панелдік сессиясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Қ. Уатаева «Кітапханадағы мансап: жеке және кәсіби өсу мүмкіндігі бар ма?» атты тақырыбында кітапхана кадрларын даярлау мәселесі қаншалықты өзекті екенін және кітапханаға мамандарды тарту қаншалықты қиын екені жайлы баяндады. Пікір алмасу барысында И.А. Калинина, Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы өз практикасында бұл мәселелерді қалай шешетіндігі туралы өз ойымен бөлісті.

Семинар аясында «Қазіргі заманға сай болу – ағартушылық рөлді жоғалтудың жолы ма?» атты форсайт сессиясында  В.И. Пак, Н.В. Гоголь атын. Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми хатшысы және И.А. Калинина, Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы спикер болды.

В. И. Пак өз сөзінде форсайт-сессияның мәні неде екенін түсіндіріп, кітапхананы дамытудың Жол картасын қалыптастыруымыз туралы баяндаса, И.А. Калинина кітапхананың ағартушылық қызметі туралы ой бөлісті.

Форсайт соңында, спикерлер ұсынған болашақ кітапхананың негізгі компоненттері бойынша әр қатысушы өз ұсынысын білдіріп,  болашақтағы кітапхананың моделін қалыптастырды. 

Жалпы қатысушылар, Болашақта кітапхана ол - цифрлық кеңістіктегі жоғары технологиялық кітапхана, бірақ кітапхананың дәстүрлі функцияларын сақтай отырып: мемориалдық, ақпараттық және білім беру кітапханасы деген пікірге келді.

Семинардың екінші бөлімінде 3 секция жұмыс жасады. 1 секцияда арнайы Манчестер университетінің ғылым магистрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының доценті, сертификатталған тренер және коуч А.Т. Жансейтов шақырылып, қатысушыларға «Ойлау дизайны» атты тренинг өткізді.

Тренинг барысында нейрогимнастикалық жаттығулар жасалып, оның негізгі мақсаты, әрі пайдасы туралы айтылды. Сондай-ақ, тренер ойлау дизайнының кезеңдері, артықшылықтары және ойлау процесінің факторы жайлы өз ойымен бөлісті.

2 секцияда журналист, Қарағанды облысының медиасауаттылық үйінен медиа жаттықтырушы А.Э. Проскурякова «Жеке деректерді қорғау: әлеуметтік желілерде ақпаратты дұрыс жариялау» тренингін ұйымдастырды.

3 секцияның жұмысында «ЭйВиДи-Қазақстан» ЖШС басшысы В.В.Токмаков  және Екатеринбург қ. «ЭйВиДи-систем» ЖШС оқу-әдістемелік бөлімінің маманы  Н.Л. Старышкина ZOOM платформасында «ИРБИС64 кітапханаларының автоматтандыру жүйесі: корпоративтік каталогтау мүмкіндіктері» тақырыбында ақпарат берді.

Семинарды кітапхана басшысы А.С. Шаймуханбетова қорытындылады. Басшы өз сөзінде шараның маңыздылығын, ОӘҒК-ның облыс кітапханалары үшін әдістемелік орталық ретінде одан әрі даму басымдықтарын атап айтты.

Сондай-ақ, 2022 жылы өткен «Кітапханалық менеджмент және кадрлық ресурс» VІI облыстық кеңейтілген семинардың резолюциясындағы мәселелерді шешу ұсынысы бойынша талдау жасап, VІІІ облыстық кеңейтілген семинардың резолюциясына ұсынылған мәселелерді атап көрсетті.  

ОКЖ басшылары осындай жоғары деңгейдегі кəсіби бағдар берудің маңыздылығын алға тартып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.