Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қоғамдастық Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін атап өтеді. 1988 жылы жарияланған бұл күн денсаулық сақтаудың алғашқы халықаралық танылған күні болды. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні АИВ/ЖИТС эпидемияның жаһандық таралуын тоқтату қажеттілігін еске салады.
Бүкіл әлем бойынша көптеген мемлекеттік, қоғамдық және денсаулық сақтау ұйымдары бұл күні білім беру және диагностикалық шаралар өткізеді. 1 желтоқсан күні кітапханамыздың Американдық бұрышында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Басты қатер – ЖИТС=СПИД – главная опасность» атты тренинг өтті.
Тренингтің спикері: оратор, коуч-тренер, Қарағанды қаласы жастар мәслихатының депутаты А.А.Смағұлов.
Шараның мақсаты - жастардың салауатты өмір салты бойынша қажетті білімдерін, дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту.
А.А. Смағұлов жастарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, ЖИТС, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оларды жаман әдеттерден сақтандырып, мұндай әдеттерден аулақ болу керектігіне, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалық, ұқыптылық жайында баяндады. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты талдап, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақырды. Оқушыларға вирус дегеніміз не? Деген сияқты сауалдар қойылып, балалар белсене жауап берді.
Денсаулық адам баласының баға жетпес қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, салауатты салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігі «Адамзатқа төнген қауіпті дерт=СПИД опасна для человечества» кітап көрмесі арқылы оқырмандар назарына ұсынылды.
Кешке А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ –тің оқушылары қатысты.