1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Қазақстандықтар жыл сайын 2009 жылға дейін, 8 жыл қатарынан мемлекеттік мерекені атап өтті. Алайда, 2009 жылы «Мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, оның күші жойылып, мереке алынып тасталды. 2001 жылы «Республика күні» мемлекеттік мереке болып атап өтілсе, қазір оған Ұлттық мәртебе берілді.   Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен,  2022 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.

Осы атаулы күнге орай, 2022 жылдың оқу залдары бөлімінде Республика күніне арналған «Қазақстан – тағдырым менің» атты тарихи виражы өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - жастардың арасында Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімін байыту, ел тарихына қызығушылықты дамыту, азаматтықты, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.  

Тарихи виражға тарих ғылымдарының кандидаты, ҚарУ ардагерлер кеңесінің төрағасы,  профессор - Әлімжан Нұржанұлы Телгарин, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі - Зәуреш Ғалымжановна Сақтағанова, «Серпін» оқу орталығының басшысы - Жетпісбай Шолпан Аханқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және заманауи-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Әбілқас Сағынов атындағы карта философия магистрі -  Шаріпова Руфина Мнировна, Әбілқас Сағынов атындағы патриоттық тәрбие ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі -  Бушманова Ботакөз Әбілқасымовна және Әбілқас Сағынов атындағы патриоттық тәрбие ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Мұхамбеталина Сара Тілегеновна қатысты.

Ал Қарағандының үш ірі жоғары оқу орындарының болашақ тарихшылары, инженерлері мен экономистері Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ, А.С. Сағынов атындағы ҚарТУ және Қазтұтынуодағы Қарағанды колледжінің студенттері іс-шара спикерлерінің сөздерін үлкен ықыласпен тыңдады.

Шара барысында құрметті қонақтар Қазақстанның егемендігін қалыптастырудың негізгі мәселелеріне, маңызды құжат-мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаудың тарихи алғышарттарына қатысты баяндамалар жасады. Мәселен, Әлімжан Нұғманұлы “Қазақстан Республикасын егемендендіру процесінің саяси және тарихи негіздері” тақырыбын қозғап,  биыл 50 жылдық мерейтойын атап отырған Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУдың құрылу тарихы туралы айтып берді.
“Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы” презентациясында тарихқа экскурсия жасаған көрнекті тарихшы Зәуреш Ғалымжанқызы әдеттегідей жарқын, ақпараттық және мазмұнды сөз сөйледі.

Қарағанды техникалық университетінде 30 жылдан астам қызмет атқарып, университеттің дамуы мен өркендеуіне  үлес қосқандардың бірі Шолпан Аханқызы ҚарТУ тарихына тоқталып, мәнді де маңызды ақрпараттарды тілге тиек етті.

Ал Руфина Мнировна болса, Қарағанды техникалық университетінің негізін қалаушы – Әбілқас Сағыновтың қызметі, оның өмір жолы және ғылым мен өнеркәсіпке қосқан үлесі туралы айтып берді.
Ботагөз Әбілқасымқызы мен Сара Тілегенқызы өз сөздерінде қазіргі заманғы студенттерді қалыптастыру тәжірибесіндегі басым бағыттардың біріне, атап айтқанда ХХІ ғасырдың зиялыларының рөлі туралы барабар түсінікке баса назар аударды.

Қарағанды Экономикалық  колледжінің 2-курс студенті Алексей Глуздин жастардың атынан “Болашақ бізге байланысты” атты баяндамасын жасады.

Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік жастар саясаты, білім беру мәселелері, саяси-құқықтық және рухани-адамгершілік тәрбие, азаматтығы туралы әңгіме болды. Жас студенттер кештің тақырыбын талқылауға белсенді қатысып, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойды.

Іс-шара барысында «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне  шолу ұсынылады. Көрме сөрелерінде сирек кездесетін кітаптар, энциклопедиялар, альбомдар, журналдар, мақалалар, анықтамалықтар орын алды.

Тарихи вираждың қонақтары мен студенттері Қазақстандағы өз рөлі мен миссиясын іске асырудағы жас ұрпақтың рөлі, жастардың белсенді азаматтық ұстанымы жайлы біршама танымдық ақпарат алғандарына сеніміміз мол!