28 маусым
Бүгін «Кітаханадағы жаз» бағдарламасы аясында өтіп жатқан шараларға С.Сейфуллин атындағы гимназияның бастауыш сынып оқушылары және балабақша балалары қатысты.
Олар үшін «Ертегілер еліне саяхат» шығармашылық алаңында «Әдеби дартс: қазақ ертегілері» танымдық ойыны өтті.
Ойын шарты бойынша балалар дартсқа дәл тигізу арқылы қазақ ертегілеріне және заманауи мультсериалдарға байланысты сұрақтарға жауап беріп тәтті сыйлықтарға ие болды. Әдеби дартс ойынның мақсаты балаларды қазақ ертегілерімен кеңінен таныстыру.
Ал, «Нескучайка» шығармашылық шеберханасында Г. Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» кітабы бойынша викторинасы мен қызықты ойындар өткізілді. Онда оқушыларға қысқаша Г. Х. Андерсеннің өмірі, шығармашылығы жайында деректер айтылып, «Қар ханшайымы» ертегісінен қысқаша үзінділер көрсетілді. Бейне презентация арқылы викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап берді.
«Кім жылдам?» ойынында оқушыларға ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер таратылып, қандай ертегі екендігін парақшалардағы жауаптар арқылы сәйкесін тауып, түрлі – түсті бояулармен бояу тапсырылды, оқушылар қызыға да, белсене қатысып, тапсырмаларды түгелдей орындап шықты. Әр оқушы ойын барысында өз деңгейлерін көрсетіп, суретте бейнеленген ертегілер арқылы сүйікті кейіпкерлермен танысып, кітап оқуға қызығушылықтарын білдірді.
Алаң үйлестірушілері:
Жамауова Ұ.Ө.
Аутаева Ш.С.