«Адамды адам еткен – кітап,
адамзат еткен – кітапхана»
Әбіш Кекілбаев
Қарағанды облыстық Н.Гоголь атындағы әмбебап кітапханасы 2022 жылдың 12-13 қазанында Ашық есік күнін жариялады. Біз «Барлығына ашық кітапхана» ұранмен әрқашан қалада немесе одан тыс жерлерде тұратын барлық жастағы, әртүрлі әлеуметтік ортадағы оқырмандарға ашықпыз.
Дәстүр бойынша кітапхана оқу жылының басында бірінші кезекте жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларына есігін айқара ашып, оларды Ашық есік күніне шақырады. Сонымен қатар, Ашық есік күніне қаланың барлық тұрғындары әлеуметтік желілердегі Афиша арқылы шақырылды.
Акцияның мақсаты - кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту, кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен таныстыру, кітапхананың оң имиджін қалыптастыру.