«Адамды адам еткен – кітап,

адамзат еткен – кітапхана»

Әбіш Кекілбаев

Қарағанды облыстық Н.Гоголь атындағы әмбебап кітапханасы 2022 жылдың 12-13 қазанында Ашық есік күнін жариялады. Біз «Барлығына ашық кітапхана» ұранмен әрқашан қалада немесе одан тыс жерлерде тұратын барлық жастағы, әртүрлі әлеуметтік ортадағы оқырмандарға ашықпыз.

Дәстүр бойынша кітапхана оқу жылының басында бірінші кезекте жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларына есігін айқара ашып, оларды Ашық есік күніне шақырады. Сонымен қатар, Ашық есік күніне қаланың барлық тұрғындары әлеуметтік желілердегі Афиша арқылы шақырылды.

Акцияның мақсаты - кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту, кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен таныстыру, кітапхананың оң имиджін қалыптастыру.

Сонымен, бірінші күн! 12 қазанда, әдетте, үнемі қатаң тыныштық ұялаған кітапханамызда (әсіресе пандемия жылдарында) біздің дәлізден саудырап аққан өзен арнасындай белсенді жастармен шуылдап кетті. Бұл жолы кітапханашылар кітапхананың кітап байлығы бойынша гидтер, оқу мен кітапты насихаттайтын имиджмейкерлер және ақпараттық және сервистік қызметтерді ұсынатын маркетологтар ретінде тыңдаушылардың назарын аударды. Бұл күні кітапханаға «Болашақ» Академиясының, ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжінің, гуманитарлық колледждің және медицина колледжінің студенттері келді. Кітапхана белсенді, креативті, білімді, шығармашыл жастар үшін тартымдылық орталығына айналды. Биылғы жылы кітапхана қарапайым ақпараттан бастап Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған маңызды тақырыптық кітап көрмелерін, ойындар мен викториналық сауалнамалар арқылы мазмұнды ақпараттарды біріктіретін ауқымды бағдарлама дайындады.

Кітапханаға қызықты саяхат «Менің кітапханам» блиц-сауалнамасынан және «Гоголевкаға қош келдіңіз!» ақпарат уақытынан басталды. «Кітаппен саяхат» буккроссинг алаңын құжаттарды жинақтау бөлімі әзірледі. Жас аудитория буккроссингке қызығушылық танытты, демек, жастар туралы айтылғанның бәріне қарамастан, олар кітап оқығанды ұнатады және көптеген авторларды біледі. Буккроссинг сөрелерінен кітаптарды алғысы келетіндер де болды.

Әдеттегідей, студенттердің кітап сақтау бөлімінің кітап байлығы үлкен қызығушылық тудырды. «Мәңгілік қазына» сирек кітаптар көрмесінде миниатюралық, факсимильді басылымдар галереясы және XVIII-XIX ғасырлардағы кітап ретро басылымдары ұсынылды.

Өлкетану бөлімінде балалар «Өз қаламыз туралы не білеміз» викторинасының сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, «Біздің қаланың ескерткіштері» ойынына белсенді қатысты. Олар біздің өлкеміздің тарихы, біздің көрнекті жерлестеріміз туралы көптеген қызықты фактілерімен танысты.

Халықаралық кітаптар бөлімі шет елдердің тулары мен жазушылары туралы «BRAIN DANSE» шағын ойынын дайындады. Студенттер Американдық бұрыштың қызметі туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады. Оларды Американдық бұрыштың бағдарламалары, Ағылшын тілінде сөйлесу клубтарының жұмысы қызықтырды.

Келушілер өнер туралы әдебиеттер бөлімінде ұйымдастырылған «Өнер әлемі» бағдарламасы, «Өнердегі ұлы тұлғалар» арт-викторинасына қатысып, «Шеберлер клубының» жұмысы мен мақсатын зор ықыласпен тыңдады. Студенттер мен оқушылар, бұл ерекше күнге арнайы таңдалған Виктор Цойдың «Мы ждем перемен» әнін бір деммен тыңдап, өткен ғасырдың 80-жылдарына саяхат жасағандай әсерде қалды.

Балаларға оқу залдары бөлімінің ашық кеңістігі, энциклопедияларға, сөздіктерге, оқу әдебиеттеріне еркін қол жетімділігі мен және кафенің бар үстеліне ұқсас ұйымдастырылған ерекше оқу алаңдары ұнады.

Биылғы жылы оқу залы бөлімі жастар аудиториясында үлкен қызығушылық тудырған шығармашылық ойындар мен тың ұсыныстарды дайындады. «Суреттер сөйлесін» викторинасы «Сөз тапқанға қолқа жоқ» логикалық сайыстарына студенттер бір-бірінің сөзін бөліп, сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап берді. Қазіргі жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, кең таралған ойынның бірі – «Жасырын кездесу» оқу залында ұйымдастырылды. Аталған ойын барысында оқырмандар логикалық ойлау қабілеттерін көрсете отырып, аз уақыт  ішінде кітаптың атауы мен авторын бірден таба білді.

Сондай-ақ, абонемент бөлімі біздің тұрақты оқырмандарымызға 10-16 қазан аралығында «Кешірім апталығы» Акциясын жариялады. Қандай да бір себеппен кешіктірген кітаптарын оқырмандар, осы уақыт аралығында кітаптарын айыппұлсыз, сөгіссіз тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

Осымен бірінші күн аяқталды. Шаршаған, бірақ қанағаттанған кітапханашылар тәжірибе алмасты. Ал студенттер өз эмоцияларын «Тілектер тақтасы» газетіне арналған тақтасына тілектерін жазып кетті. Олар: «Кітапхана өркендей берсін», «Көптеген пайдалы ақпаратты білдім», «Кітап оқыңыз» және т. б. тілектер мен пікірлерге толы болды.

Бірінші күннің статистикасы: бізге 250-ге жуық студент келді және олар қазір біздің оқырмандарымыз.

Екінші күн. 13 қазанда Ашық есік күніне «Болашақ» колледжінің, гуманитарлық колледждің, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері келді. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды техникалық университеті, ҚЭУ колледжі және №53, №95, Н.Нұрмақов атындағы, «Дарын» жалпы білім беретін мектептердің оқушылары және Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бегелдинов атындағы Қарағанды Республикалық «Жас Ұлан» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері келді.

Сондай-ақ, бірінші күндік топтар ретінде олар қызықты сапарға шықты. Балалар мұндай кітапханалардың бар екеніне таң қалды: олардың көпшілігі тек мектеп немесе ауылдық кітапханаларда болды. Олар үшін тұсаукесерлер, зияткерлік-танымдық ойындар мен викториналар, кітап көрмелерінде әңгімелер ұйымдастырылды. Жас аудитория буккроссинг акциясына қатысуға шақырылды. Ашық есік күні кітапхана қызметкерлері өздерінің кітап қорларын барынша толық ашуға тырысты. Балалар сирек кездесетін және бағалы кітаптар қорының фолианттары мен сирек басылымдарын қарап, арт-викторина сұрақтарына белсенді жауап берді, «Өз өлкеміз туралы не білеміз» ойынына қатыса отырып, Қарағанды облысының тарихымен танысты.

Екінші күн статистикасы: бізге 230-дан астам адам келді. Олардың барлығы кітапхана оқырмандары болды.

Жалпы кітапханаға осы екі күндік саяхатқа 500-ге жуық адам келді.

Жазылған оқырмандардың көпшілігі бізбен бірге тек оқу жылдарында ғана емес, көптеген жылдар бойы кітапқа адал болып қалады деп үміттенеміз, өйткені барлық әңгімелердің, викториналардың, зияткерлік ойындардың ортақ хабары бір болды:

 «Құрметті оқырман, Сіз ақпаратты қалай іздеуге болатынын білмесеңіз – кітапханаға келіңіз.
Біздің есігіміз сіздерге әрқашанда ашық!»

 

Умбединова Г.Н., басшы орынбасары

Майданбекова А.,Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы

Ай кітабы