Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе екендігі жалпыға мәлім. Соңғы жылдары республикамыздың жеке аймақтарында (Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және т.б.) "Сырдария кітапханасы", "Баянауыл кітапханасы", "Алтай - Ертіс кітапханасы", сынды жеке атаулы сериялармен республикаға танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері басылып шықты.