Жыл сайын  ұйымдастырылатын поэзия мерекесі 7 қазан күні С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында жалғасын тапты.

Салтанатты кеш бүлдіршіндер Мүбарак Мұрат пен Әлихан Әміркен ақынның «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдерін оқып, Қ.Байжанов атындағы КБ «Арай» тобының орындауында Қ.Аманжоловтың «Ақ сәулем» әніменашылды.

Сөз кезегін алған Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.М.Нелдібаев жыр сүйер қауымды поэзия мерекесімен құттықтады.

Қазылар алқасының талқысынан өткен, қатарластарынан оқ бойы оза шапқан жеңімпаздар марапатталды.

Бас жүлде

Тұрар Жанділда (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ататындағы ауданы),

І орын 

Жансая Жанатова (Қарағанды қаласы )

ІІ орын

Аружан  Абдрахманова  (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы)

ІІІ орын

Жанаргүл Самет (Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Мұзбел ауылы)

Арнайы дипломмен

1. Құсни Ғабсаттар - Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Аманкөл ауылы

2. Айгерім Қожағұлова - Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы

3. Перизат Ертуғанова - Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

4. Ажар Қаратаева - Қарағанды қаласы.

 

Осы шара аясында үздіксіз шығып келе жатқан «QASYM» сериясының 2021 жылғы ақынның «Бір нәзік сәуле» атты ноталы әндер кітабы көпшілік қауымның сұранысымен қайтадан басылып шықты.

Сонымен бірге Қасымның шығармашылығына арналған «Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі...» атты диалог-көрме ұйымдастырылып, викторина ойнатылды.

Мағжаннан қалған мансұқ жырды жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде қақпайлатпай қайта түлеткен қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов жырларының рухы асқақтай беретінін бүгінгі шара тағы да дәлелдеді.

 

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы: С.Телпекбаева

Бақытты ұрпақтың байқауы

Қарағандыда республикалық Қасым оқуларының жеңімпаздары анықталды

Победителей республиканских Касымовских чтений определили в Караганде

В Караганде завершились Касым Аманжоловские чтения

Бірінші Қарағанды телеарнасының жаңалықтары

Ай кітабы