Достар, өнер туралы әдебиеттер бөліміне керемет жаңа кітаптар түсті. Таныс болыңыздар!

Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қоғамдастық Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін атап өтеді. 1988 жылы жарияланған бұл күн денсаулық сақтаудың алғашқы халықаралық танылған күні болды. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні АИВ/ЖИТС эпидемияның жаһандық таралуын тоқтату қажеттілігін еске салады.

Бүкіл әлем бойынша көптеген мемлекеттік, қоғамдық және денсаулық сақтау ұйымдары бұл күні білім беру және диагностикалық шаралар өткізеді. 1 желтоқсан күні кітапханамыздың Американдық бұрышында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған  «Басты қатер – ЖИТС=СПИД – главная опасность» атты тренинг өтті.

25 қарашада Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханалық менеджмент және кадрлық ресурс» атты VІI облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Отырысқа орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің директорлары шақырылып, кітапхана саласын кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Семинар модераторы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК басшысы Д.Б.Аманжолова болды.

Семинар спикерлері Н.В. Гоголь Қарағанды ОӘҒК басшысы, Д.Б. Аманжолова, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Ғ.К. Нұрғалиева, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова, ҚР Ұлттық кітапхана директорының кітапхана жұмысы жөніндегі орынбасары А. Х. Юсупова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Кітапханатану және библиография кафедрасының меңгерушісі Г.И. Нұржанова, Қ.С. Мухамбетчина Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» оқытушысы, К.С. Каренов Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының қызмет көрсету саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

Отырысты Қарағанды облысының архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ. Жұмакенов ашты.

Құрметті оқырмандар!

Бүгінде “Парасат” деп аталатын журналдың “Мәдениет және тұрмыс” деп аталғанын білесіздер ме? XX ғасырдың орта шенінен бастап күні бүгінге дейін еліміздің мәдениеті мен тұрмыс саласын көтеруге өзіндік үлесін қосып келе жатқан, қазақ баспасөз тарихында алар орны ерекше басылым жайлы толығырақ бейнероликте

Күні кеше «Жыр-Жауһар» шығармашыл жастар орталығының ұйымдастыруымен, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен үзеңгі қағысып жыр додасында қатар шауып келе жатқан жас ақындар Нұрдәулет Бақытұлы мен Тілеужан Ерқанатұлының кітапханамызда  «Жалын. Жүрек. Жыр...» атты шығармашылық кеші өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - өнер өлкесіне қанат қағып келе жатқан жас таланттарды қолдау. Аға буын мен жастардың арасында үзеңгілестік орнату. Жастарға замандастарын үлгі етіп көрсету арқылы, тұлғалық болмысын қалыптастыруға талпындыру.

Ай кітабы