Қазақ руханиятының ұлттық тұрғыда қалыптасып, дамуына айрықша үлес қосып, тамыры терең тарихымыз бен әдебиетімізді, өнер мен мәдениетті зор талғаммен зерттеп, зерделеп жүрген көрнекті ғалым Мұрат Әуезов биыл 80 жасқа толды.
Осы атаулы күнге орай, оқу залдары бөлімінде мерейтой иесінің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметіне арналған «Мұрат Әуезовтің мәдени мұрасы» атты безендірілген кітап экспозицисы ұйымдастырылды. Көрмеге Мұрат Әуезовтің әр жылдары жарық көрген еңбектері, мақалалары, ол туралы басылымдар ұсынылған. Атап айтқанда:
- Қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің «Ділім» (Алматы, 2018) атты бұл кітабына әр жылдардағы мақалалары, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, халықаралық және республикалық симпозиум-конференцияларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері топтастырылып беріліп отыр. Кітапта автор еліміздегі қоғамдық, саяси және әлеуметтік мәселелер, мәдени және әдеби процестер, қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайлар, жаһандану үдерісінің жай-күйі мен маңызды жақтары жайында ой білдіреді.
- «Времен связующая нить» (Алматы, 2017) атты еңбек те көрмеде басты назарда болмақ. Мұрат Әуезовтің бұл еңбегінде салыстырмалы түрде ғылыми монографиялар, ұлттық әдебиеттерді зерттеу және мәдени интеграция мәселелері, халықаралық симпозиумдардағы баяндамалары, эсселер, саяхат очерктері, күнделіктер және сұхбаттары жинақталған.