1941-1945 жылдардағы соғыста  ерлермен иық тіресе жүріп, ерлік көрсеткен қазақстандық нәзік жанды аруларымыз жайында әлі де ашылмай, зерттелмей жатқан тұстары бар. Ол – сұрапыл шайқастарда ерлермен қатар соғысқан қыз-келіншектер тағдыры... Олар игерген әскери мамандықтар...

Осы тақырыпта кітапханада қарағандылық запастағы полиция полковнигі Қанат Кареновтің сыйға тартқан «Қарлығаштар оралар ма = Когда вернутся ласточки» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Кітап Қарағанды қаласы «Гласир» баспасынан 2020 жылы жарық көрген. Кітаптағы ерлермен иық тіресе жүріп, ерлік көрсеткен қарағандылық танкіші қыздар Жамал БАЙТАСОВА, Күлкен ТОҚБЕРГЕНОВА, Күлжамила ТАЛҚАНБАЕВА мен Жәмила БЕЙСЕНБАЕВА басты кейіпкерлер.

Кездесу барысында автор Қ. Каренов ержүрек танкші арулар жайлы әлі күнге дейін танымды ақпарат жоқтығын, олардың майданға аттануы, келуі жайлы ешбір дерек жоқтығын айта отырып, осы туындыны жазуда не түрткі болғанын ортаға салды.

Осындай талантты адаммен кездесу мүмкіндігіне  Қарағанды қалалық мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен кітапханашылары және Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің курсанттары ие болды. Сонымен бірге инстаграм, фейсбук желісінде онлайн оқырмандарымызда қатысып, өз пікірлерін ортаға салып отырды.

Оқырмандар назарына екіншідүниежүзілік соғысы кезінде әйел адамдарының ерліктері мен еңбектерін паш ететін кітап көрмесін ұсынды.

1941-1945 жылдардағы соғыстың әлі де ашылмай, зерттелмей жатқан тұстары бар. Ұрыс даласында жауын­герлік іс-қимылдарға тікелей қаты­сып, қайсарлық пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен батырларымыздың ерлігін жаңаша зерттеу жұмыстарын келер ұрпақтың еншісіне қалдырамыз. Жас ұрпақтың еліміздің батыр қыздарын, өз кейіпкерлерін ұмытпауы керек.

 

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева

Ай кітабы