1995 жыл ЮНЕСКО-ның бастамасымен Халықаралық толеранттылық жылы болып жарияланып, Бас конференцияның шешімімен Толеранттылық ұстанымдарының декларациясы бекітілді. Толеранттылық декларацияға сай адам баласы ұлт пен ұлысқа, аймағына, шығу тегіне, діні мен тіліне байланысты ешқандай кемсітуге жол бермейді. Еліміздің конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп анық атап өтеді.
Бір шаңырақтың астында ұзақ жылдар бойы 120-ға жуық ұлт пен ұлысты, 40 түрлі дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктерді тату-тәтті ұстап отыру оңай емес. Алайда, еліміз қанша уақыттан бері шашау шығармай, достық пен бірлікті ту етіп, ортақ мүддеге жұмылдырып, олардың ортақ Отаны бола алып отыр. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін еліміз мемлекет үшін ең маңызды ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен тұрақтылықты ұстаным етіп өмір сүруде.
Назарларыңызға кезекті шеберлік сағатын ұсынамыз - "Тосын сыйы бар қорапша"
Кітапханада сүйікті қаламыз Қарағандының 90 жылдық мерейтойына орай «Туған күніңмен, Қарағандым!» атты инсталляция - кітап көрмесінің ашылуы өтті.
Үлкен тарихы бар кеншілер қаласына арналған бұл көрмеден оқырман қауымҚарағанды қаласының тарихынан, мәдениеті мен өнерінен т. б. тақырыптарда сыр шертетін кітаптардың көрмесін, Қарағанды қаласы жайында салынған суретшілердің суреті бойынша «Тірі сурет» көрмесін, қаланың заманауи өмірі мен сәулет құрылысын көрсететін «Қарағанды замандастарының назарында» атты фотокөрмесін тамашалады. Ерекше инсталляция - кітап көрмесінің салтанатын Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК басшысы А.С. Шаймуханбетова ашып, құттықтау сөз сөйледі.
“Туған тұғырдан - ғарышқа” ұшқыш-ғарышкер Т. Мұсабаевтың 70-жылдығына арналған
Құрметті оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға өлкетану әдебиеті бөліміне келіп түскен Өлкетанулық жаңа кітапқа бейне шолу ұсынамыз. Кітапхана қорындағы кітапқа тоқталсақ:
«Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес», - демекші құрметті кітап сүйер оқырман қауым, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Әмір Шарапат Қауденұлының сыйға тартқан «Туған өлке - Ақжарым» атты кітабымен таныс болыңыздар!
Бұл еңбектен қасиетті Ақжар ауылының құрылу тарихы, осы ауылдан репрессияға ұшыраған, Ұлы Отан соғысына қатысқан, одан оралмағандар, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысушылар туралы мәліметтер баяндалған.
Жинақта Ақжар ауылынан білім ордасында қызмет істеген ұстаздары, ғалымдары, көп балалы аналар, медицина саласының қызметкерлері жайлы мағлұматтар нақты деректермен айтылып, айшықталып, көркемделіп көрсетілген.
Ақжар аймағының, құтты мекенінің өткенінен сыр шертеді.
Өткенді білуге құштарлық - болашақ үшін рухани нәр іздеу. Олай болса, өз өлкесін білем деген оқырман қауымға таптырмас еңбек.